Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
    Бас ақпарат

    Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.02.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Мишустинді Ресей Үкіметінің төрағалығына тағайындалуымен құттықтап, Ресей Федерациясымен арадағы екіжақты ынтымақтастықтың стратегиялық және одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдете берудің маңыздылығын атап өтті.

    – Сіз Үкімет Төрағасы ретіндегі алғашқы шетелдік сапарыңызды Қазақстанға жасап отырсыз. Бұның символикалық мәні бар әрі біздің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы стратегиялық ынтымақтастықты және өзара іс-қимылдарды дамыту тұрғысынан да маңызы зор, – деді Президент.

    Кездесуде 31 қаңтар күні Алматы қаласында Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланған Еуразиялық Үкіметаралық Кеңес отырысының  қорытындылары сөз болды.

    – Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің отырысына қатысқаныңызды білемін. Онда бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі – цифрландыру талқыланды. Қазақстан бұл іспен белсенді айналысуда. Дәл осы сала бойынша сіздердің тәжірибелеріңіз мол. Сондықтан ынтымақтастыққа ниеттіміз, – деді Мемлекет басшысы.

    Қазақстан Президенті қабылданған келісімдер Еуразиялық экономикалық одақтың өркендеуіне тың серпін беретініне сенім білдірді.

    Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев тауар айналымының, қызмет көрсетудің, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін кедергілерді біртіндеп жою шараларын қабылдау қажеттігін атап өтті. Ресей Премьер-Министрі Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан қаласына сапарлап келуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс білдірді.

    – Ресей мен Қазақстанды бауырластық, серіктестік және одақтастық қарым-қатынастар байланыстырады. Сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдар қарқынды дамып, аймақаралық байланыстар мен іскерлік топтардың қарым-қатынастары нығайып келеді. Еуразиялық экономикалық интеграциялар процесінде, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және басқа да көпжақты байланыстарда біздің елдеріміз жетекші рөл атқарады, – деді Михаил Мишустин.

    Ресей Үкіметінің Төрағасы Қазақстан Президентіне Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, 2020 жылдың 9 мамыр күні Мәскеу қаласында өтетін Жеңіс күніне арналған шараға қатысуға шақырды.

    – Жеңістің 75-жылдығына шақыруды үлкен ықыласпен қабылдап, дәл сол күні Қызыл Алаңда өтетін Жеңіс парадын тамашалауға барамын. Бұл біздің ортақ мерекеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы ықпалдастықтың басым бағыттарын, атап айтқанда, Жайық трансшекаралық өзенінің су ресурстарын тиімді пайдалану және экология мәселелерін талқылады.

    Қазақстан Президенті екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында екі ел Үкіметтерінің тығыз жұмыс істеуі қажет екенін айтты.

    Мемлекет басшысы биыл күзде Көкшетауда өтетін, экология мәселелеріне арналған XVII Аймақаралық ынтымақтастық форумына Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысатынына сенім білдірді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

    06.11.2026

    БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    06.11.2026

    ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

    05.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.