Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ТҮРКІСТАН: Біліктілікті арттыру семинары өтті
    Бас ақпарат

    ТҮРКІСТАН: Біліктілікті арттыру семинары өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.02.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістанда баспасөз хатшыларының біліктілігін көтеру мақсатында «БАҚ және әлеуметтік желі: Субъективтік шеңбердегі моральдық-этикалық ұстанымдар» атты семинар-тренинг өтті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген шараға лингвист-сарапшы, Алматы қаласының мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры, филология ғылымының кандидаты, доцент Бижомарт Қапалбеков, Заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ІІМ құрметті ардагері Балғабай Нақыпов, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, БАҚ жұмысы мен әлеуметтік желідегі жарияланымдар туралы баяндама жасады. Семинарды ашқан қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов халық пен атқарушы билік арасындағы байланысты күшейту керектігін айтты. «Бүгінде баспасөз қызметінің мамандарына зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Яғни, билік пен халықтың арасында алтын көпір болып, еліміздің дамуына, азаматтық қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайту жолында артылған сенім жоғары» дей келе, бүгінгі семинардың маңыздылығын атап өтті. Ал ғалым Бижомарт Қапалбеков журналистік этика мен грамматикалық қағидаттар бір-бірімен өзара үнсіз үйлесім табатынына тоқталып, лингвист-сарапшы маманының негізгі міндетін түсіндірді.

    БАҚ тарапынан жарияланатын материалдар мен әлеуметтік желідегі жарияланымдар заңдылығы туралы баяндама жасаған ҚР ІІМ құрметті ардагері Балғабай Нақыпов сараптау нәтижесі арқылы жүзеге асатын жұмыстардың журналистер мен әлеуметтік желі қолданушылары үшін қаншалықты маңызы зор екенін де тілге тиек етті. Шараның мақсатына сәйкес баспасөз хатшылары үшін тиімділігі жоғары, күнделікті жұмыста кездесетін кедергілер мен түрлі оқиғалар бойынша Бейсен Тәжібаев өз тәжірибесімен бөлісіп, жиналғандарға мазмұнды дәріс оқыды.

    Аудан, қала мен басқармалардың оң имиджін қалыптастыру жолында баспасөз хатшылары үшін ұйымдастырылған семинарда ашық ой-пікірлер айтылып, еркін форматтағы сұхбат алаңына айналды. Жиын барысында облыстағы аудан, қала және мемлекеттік мекеме баспасөз хатшылары бірігіп, осы тектес тәжірибе алмасу шараларын жиі ұйымдастыруды жоспарлады. Алдағы уақытта да баспасөз хатшыларының біліктілігін көтеру бойынша семинар-дәрістер өз жалғасын табатын болады. Семинар соңында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының арнайы сертификаттары табысталды. Түркістан облыстық өңірлік коммуникация қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

    06.11.2026

    БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    06.11.2026

    ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

    05.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.