• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 7, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ЕАЭО Премьер-Министрлері «Digital Almaty» форумына қатысты

31.01.2020
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумының ашылуына қатысты.

Форум басталмастан бұрын Үкімет басшысы шараның арнайы шақырылған қонағы – БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ф. Хохшильдпен кездесу өткізді, онда БҰҰ цифрлық күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ Қазақстанның аймақта цифрландыру мен инновацияларды ілгерілетудегі рөлі талқыланды.

«Деректер мен жасанды зерде негізінде тұрақты аймақты құру» тақырыбындағы форумның пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде ҚР Премьер-Министрі Қазақстанда жасанды зердені қолданудан болатын жалпы экономикалық тиімділік жылына шамамен $25 млрд құрауы мүмкін екенін атап өтті. Ең үлкен нәтиже қызмет көрсету саласында – жылына $15 млрд-қа дейін, және тау-кен өндіру саласында – $9 млрд-қа дейін күтілуде. Astana Hub халықаралық АT-стартаптардың технопаркі инновациялық орталық болуға шақырылады, оның негізінде «Alem» АT бағдарламалау мектебі оқытудың заманауи тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып жұмыс істейді.

«2019 жылдың қыркүйегінде біз инновациялық АT-университетті аштық. Қазіргі уақытта АТ-университеттің Amazon және UNICEF секілді алдыңғы қатарлы АT компаниялармен және даму институттарымен ынтымақтастық мәселесі пысықталуда. “Астана” халықаралық қаржы орталығы негізінде бағдарламалаушыларды дайындауға маманданған Qwazar компаниясымен бірге инновациялық бағдарламалау мектебін ашу жоспарлануда», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форуммен (ДЭФ) бірлесіп «Астана» халықаралық қаржы орталығы базасында ДЭФ Төртінші өнеркәсіптік революция орталығын іске қосу туралы келісімге қол жеткізілгенін атап өтті. Ол осы жылдың соңына дейін іске қосылады деп күтілуде.

Премьер-Министр Қазақстанда Smart Data Ukimet жобасы аясында жасанды зерде технологияларын пайдалану бойынша алғашқы қадамдар жасалғанын атап өтті. Назарбаев Университетінің базасында Смарт жүйелер және жасанды зерде институты құрылды.

«Назарбаев Университетінің қолда бар әлеуеті негізінде, Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, өз зертханасы, деректерді өңдеу зерттеу орталығы және жасанды зердені дамыту жөніндегі ғылыми паркі бар Жасанды зерде ұлттық кластерін құру жоспарлануда. Барлық салаларда және ірі компанияларда жасанды зердені енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы жасанды зерде технологияларын дамытуға қолайлы жағдайлар жасау үшін ЕАЭО аясында үйлестірілген шараларды қабылдаудың қажеттігін атап өтті.

«Жалпы стандарттар мен ережелерді әзірлеу, деректермен алмасу және интеграция саласындағы саясатты әзірлеу, ғылыми-зерттеу қызметін дамытуда белсенді өзара іс-қимылды орнату маңызды», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр көлік және логистика саласында жасанды зердені қолдану транзиттік бағыттарды оңтайландыруға ықпал ететінін, кеден саласында шекаралардан өту уақытын жеделдететінін, саудада көлеңкелі және контрафактілік айналым көлемін азайтатынын атап өтті.

Форумның пленарлық сессиясына Беларусь Премьер-Министрі С. Румас, Ресей Премьер-Министрі М. Мишустин, Молдова Премьер-Министрі И. Кику, Қырғызстан Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Разаков және Армения Премьер-Министрінің орынбасары М. Григорян, ЕЭК Алқасының төрағасы Т. Саркисян, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ф. Хохшильд, «Amazon Web Services» үкіметті трансформациялау жөніндегі директоры Л. Максвелл, «01 Edu system» негізін қалаушы Н. Садирак және Ұлыбритания Мемлекеттік цифрлық қызметінің директоры К. Фергюсон қатысты.

ЕАЭО мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары «Қала үшін ең үздік АТ-шешім», «Үздік стартап-жоба», «Big Data – жыл компаниясы», «Мемлекеттік сектордағы үздік АТ-жоба», «АТ-дағы жыл әйелі», «Жылдың АT-чемпионы» номинацияларында «Digital Almaty Awards» байқауының жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етті. Форумға қатысушылар құқық қорғау, қаржы-банк, білім беру және медициналық салалардағы үдерістерді автоматтандыру және цифрландыру бойынша Қазақстанның АТ-компаниялары мен стартап жобаларының көрмесімен танысты.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

30 ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

ӨНДІРІС- ЭКОНОМИКАНЫ ӨРКЕНДЕТЕДІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қазіргі таңда отандық өндірісті өркендету — мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі. Өйткені қуатты өндіріс — тұрақты экономиканың кепілі. Бұл бағытта үшінші...

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Білім күні қарсаңында Шымкентте 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімде қала әкімі жаңа пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстап, қуанышты сәттерімен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.