• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 4, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

«Nur Otan»-ның Атырау сапарының айтары мол

30.01.2020
0

«Nur Otan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің еліміздің мұнайлы астанасына жасаған жұмыс сапарының екінші күні Атырау қаласында жалғасып, партияның облыстық филиалы мен бастауыш ұйымдары өкілдерімен, өңірдің зиялы тұлғаларымен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен және облыстың жастар ұйымдарымен болған кездесулердегі келелі әңгімелермен жалғасты.

Бауыржан Байбек бұл күнгі шараларды саяси ұйымның Атырау облыстық ауруханасындағы «Ынтымақ» бастауыш ұйымы мүшелерімен кездесуден бастады. Оған Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов те қатысты.

Дәрігерлер қауымымен еркін пікір алысуға жол ашқан партия төрағасының Бірінші орынбасары өз сөзінде партия мүшелерінің елеулі бөлігін әлеуметтік сала қызметкерлері құрайтынын атап өтіп, қарапайым дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, дәрігерлердің еңбегін орынды бағалау жайына егжей-тегжейлі тоқталды.

— Біз дәрігерлер еңбегін, осы саладағы жасалып жатқан жұмыстарды халыққа насихаттап түсіндіруіміз қажет. Адам ауырып қалса кімге барады? Дәрігерге барады. Адам білім жинау үшін кімге барады? Ұстазға барады. Сондықтан ең маңызды мамандықтар осы. Дәрігерлер челленджін бастаған кезде азаматтар өз өмірінде дәрігерлерге байланысты орын алған жағымды оқиғаларды таратса деген ойым бар. Осынау маңызды мамандық иелерін қорғап, қолдауымыз қажет, — деді Б. Байбек.

Сонымен қатар мемлекетіміз тарапынан медицина саласында атқарылып жатқан ауқымды істер мен көрсетіліп отырған қомақты қолдау да тілге тиек етілді. Оның айтуынша, Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның ХVIII Съезінде алғашқы медициналық санитарлық көмекті дамытуға қосымша 120 млрд. теңге бөлуді тапсырған. Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында үш жылдық бюджет аясында денсаулық саласының дамуына қосымша 2,3 трлн. теңге қаржы бөлінетінін айтты. Соның нәтижесінде 2019 жылы денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбекақысы ішінара 30%-ке көтерілді. Атырау облысы бойынша 8 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өскен. Ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап дәрігерлердің жалақылары орта есеппен 30%-ке өсті.

Дәрігерлер қауымымен кездесуде өңірдегі өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады. Солардың қатарында нәрестелер өлім-жітімінің артуы да аталды. Бұл тұрғыдан облыс елімізде үшінші орында тұр екен. Бауыржан Байбек бұл күрделі мәселені жергілікті билік орындарымен бірлесе отырып, оңалту мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігін айтты.

Кездесуде дәрігерлер де тосылмай, өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салды. Солардың қатарында жас дәрігерлердің тұрғын үймен қамтамасыз ету, дәрігерлерге педагогтар секілді ерекше мәртебе беру жайын қарастыру жайы сөз болды. Бауыржан Байбек бұл ретте мемлекет қолдауынан бөлек, әрбір азамат өз мүмкіндігін де шамалап, өзінше әрекет етуі қажеттігін алға тартты.

— «Жас Отау» бағдарламасы бойынша өткен жылы 310 жасқа арнайы 110 пәтер берілді. Ол — облыстық деңгейдегі бағдарлама. Талантты жастардың арасында әр сала бойынша іріктеледі.

Жалпы Қазақстан бойынша екі жыл ішінде жиырма бес мың мұқтаж азамат пәтер алды. Бұл ретте жастарға басымдық беріледі. Ең бастысы – табыстың өсуі. Табыс болса, әр түрлі құралдар бар. Соған қаражаты жететіндей жағдай жасалуда, — деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.

Сапарын ары қарай жалғастырған Бауыржан Байбек өңірдің зиялыларына арнайы ат басын бұрды. Елдің сөз ұстар тұлғаларымен болған бұл кездесуді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ашып, жүргізіп отырды. Келелі бас қосуда өңір руханиятына, мәдениетіне, дін мен тілге қатысты өзекті мәселелер қозғалып, жан-жақты талқыланды. Өз сөзінде Бауыржан Байбек партияның мақсаты мен міндеттеріне, мәдениетті, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында қолға алған шараларына кеңінен тоқталды.

— Біздің партияның бірінші міндеті — халықтың мұңын мұңдап, сөзін айтып, халықтың пікірін билікке жеткізу. Билік тарапынан көп нәрсе жасалып жатыр. Бірақ кейбір кезде бұл жасалған жұмыстар халыққа дұрыс насихаттала бермейді. Сондықтан барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, атқарып жатқан жұмыстарды халыққа қарапайым тілмен жеткізу керек. Ол — партияның екінші міндеті. Үшінші міндеті, әрине, біз нақты істердің партиясымыз. Сондықтан біз негізсіз нәрселерді ешқашан көтермейміз. Қазіргі кезде әкімдермен бірлесіп әрбір өңірде партияның бағдарламасын талқылап жатырмыз, — деді Бауыржан Байбек.

Жиын ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, емен-жарқын сұхбатқа ұласты. Өз кезегінде өңірдің зиялылары партия төрағасының Бірінші орынбасарына толғандырып жүрген сауалдарын қойып, өз ойларын бүкпесіз ортаға салды. Бауыржан Байбек әрбір сұраққа егжей-тегжейлі жауап беріп, кейбіреулерінің сол сәтінде шешімін де қоса ұсынып отырды.

Бас қосуда Жазушылар одағының Атырау облыстық филиалының төрағасы Қ. Жылқышиев мәдениет саласы бойынша мемлекеттік қызметке орналасатын жандардың мамандығы мәдениет саласынан болу керек деген талапты тиісті ережеге енгізу, ауылдық клубтар жұмысын жандандыру мәселесін көтерсе,  мұнай саласының ардагері Мақсым Ізбасов жергілікті мұнайшылардың жалақысын шетелдіктермен теңестіру, өңірдегі экология мәселесін оңалту, Жайық өзені деңгейінің жылдан-жылға азаю мәселелерін ортаға салды. Ал Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесінің хатшысы, партия ардагері Б. Тыныбаева Атырау облысындағы апатты және үш ауысымды мектептер, балабақшаның жетіспеушілігі мәселелерін тілге тиек етті.

Өңір зиялыларының пікірлерін ден қоя тыңдаған Бауыржан Байбек мәдениетке қатысты көтерілген мәселелердің партия жанындағы «Мирас» кеңесінде қаралатынын, отандық мұнайшылар жалақысындағы теңсіздіктерге байланысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдік жұмыс берушілер тарапынан біздің азаматтарымызды кемсітуге жол бермеу туралы мәселе көтергенін, сол сияқты қоршаған ортаны сақтау мәселесінде де Мемлекет басшысының шикізат энергия секторының жұмысында экологияға зиянды болдырмау керектігін тапсырғанын айтты.

— Экология мәселесі бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Бұл аталған мәселенің халықты ерекше толғандырып отырғанын көрсетеді. Өйткені экология бәріне қатысты. Бәріміз де бір ауаны жұтамыз. Бұл мәселе аймақтың алдағы даму бағдарламасына міндетті түрде енгізілуі керек, — деп атап көрсетті Бауыржан Байбек.

Білім, ұрпақ тәрбиесі партияның ерекше назар аударатын салалары екендігіне тоқталған партия төрағасының Бірінші орынбасары облыстағы үш ауысымды және апаттық мектептерді жою үшін бес жылға арналған Іс-шаралар жоспары әзірленгенін, айтылған екі ұсыныс та жақын арадағы бесжылдықта өз шешімдерін табатынын жеткізді.

Өңірдің қоғамдық пікір көшбасшыларымен, блогерлермен және БАҚ өкілдерімен кездесуде Бауыржан Байбек қазіргі таңда жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, коммуникациялардың заманауи технологияларын пайдалану арқылы халықпен диалог орнатудың маңыздылығына, партия тарапынан алғаш қолға алынғалы отырған праймериз өткізу тәртібіне тоқталды.

 Азаматтық қоғам өкілдері де сөз алып, өңірде өзекті болып отырған бірқатар мәселелерді тілге тиек етті. «Логос Атырау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бибігүл Шайхиева Жастарды кәсіпкерлікке оқыту, «Былина» орыс этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Андрей Кораблев Атырау облысына ерекше экологиялық мәртебе беру ұсыныстарын ортаға салса, «Qazagstan» Атырау облыстық телеарнасының директоры, журналист Қанат Әуесбайұлы ашық диалог алаңдарын құру, мемлекеттік қызметкерлердің журналистермен қарым-қатынасын арттыру секілді мәселелерді көтерді.

Бауыржан Байбек осында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар бойынша тыңғылықты жауап берді. Оның айтуынша, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында еңбек ресурстарының біліктілігін арттыру, жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қарастырылған.

Сапар кестесінің тығыздығына қарамастан, «Nur Otan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Атырау жастарымен де кездесуге уақыт тапты.

 — Қазіргі кезде «Жастар – Отанға» бағдарламасын әзірлеу қарастырылуда. Біз мұны әр ауданда талқылап, ұсыныстар жинақтап жатырмыз. Ол жастар үшін өзекті төрт мәселені қарастырады. Бірінші — сапалы білім. Сапалы білімсіз ештеңе болмайды. Екінші — жұмыс. Білімді болған соң, уақытша емес, тұрақты, сапалы жұмыс болу керек. Үшінші — пәтер. Пәтер мәселесін шешуге біз ықпал етеміз. Төртінші — жастардың бос уақыты. Міне, осы бағдарламаны әзірлеуге белсенді атсалысыңыздар, — деді Бауыржан Байбек.

Атырау өңіріне жасалған екі күндік сапардың соңына қарай «Nur Otan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен Атырау облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Конференцияда партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалына осы облыстың жуырда тағайындалған жаңа әкімі Махамбет Досмұхамбетов төраға болып сайланды.

Өңірге жасаған екі күндік сапарда Бауыржан Байбек еліміздің мұнайлы өңірін аралап, шалғай аудандарға дейін барып, қарапайым тұрғындармен тікелей кездесу арқылы аймақ халқының тұрмыс-тіршілігімен кеңінен танысты. Жұртшылықты толғандырып жүрген мәселелерді анықтады. Жергілікті атқарушы органдармен бірге олардың шешімін қарастырды. Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған саяси ұйымның өңірлерге сапарлары ары қарай жалғасып, әрбір аймаққа тән мәселелер мен ерекшеліктер есепке алынып, аумақтық бағдарламаларда көрініс таппақ.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.