АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...
«Қазір видео-жарнама бөлімінде Sowftware engineer болып жұмыс істеймін. Бастағаныма жарты жыл болса да, әлі үйренерім көп», — дейді бағдарламашы. Цюрихтағы Google-да 4 қазақ бар екен. Аман Өтемұратов олармен жиі кездесіп, шай, кофе, түскі ас ішіп, бір-бірінің үйіне қонаққа барып, пикниктерге шығып тұратындары айтты. Google-дағы бір күн Google-да белгілі бір жұмыс кестесі жоқ, әркім өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді екен. «Бұл жағынан Google-ды өте flexible десе болады, яғни жұмыс уақытына еш шектеу жоқ. Мен көбіне сағат 9-10 арасында жұмысымды таңғы кофемен бастағанды ұнатамын. Шет елге көшкелі таңғы шайдан кофеге көштік. Ол уақытта әріптестеріммен әңгімелесіп, жұмысты талқылаймыз. Одан соң әдеттегідей пошта тексеріп, хаттарға жауап беремін. Кейін өз жобаларыммен айналысамын. Арасында түскі ас та бар», — дейді ол. Аман Өтемұратов гуглдықтарда бар синдром туралы да айтты. «Ал жұмысты қиын не оңай деп айта алмаймын. Бұл компанияға қызметке тұра алсаң, қабілетіңнің бар болғаны. Imposter syndrom деген бар, гуглдықтардың 50 пайызында сол синдром кездеседі деген зерттеулер де шықты. Яғни өзіңді бұл жерде жұмыс істеуге лайық емес сезіну, басқаны артық санау. Қуанышыма орай, өзімнен бұл синдромды әлі байқай қоймадым», — дейді қазақстандық жігіт. «Қазақтарды сағынады екенсің» Бағдарламашы әріптестерімен қарым-қатынасы өте жақсы екенін айтты. Оның командасында өте тәжірибелі мамандар жұмыс істейді екен, айтуынша, олар сұрақтары болса, қашан да көмектесуге дайын. Әріптестерімен жұмыстан тыс уақытта да бірге уақыт өткізіп, мейрамханада кешкі ас ішіп, үйлеріне пицца жеу үшін жиналып тұратын көрінеді. Алайда Аман Өтемұратов қазақтарды сағынатынын да мойындады. «Booking-тегі достарыммен де әлі араласып тұрамын. Мен ол жерден шығарда 20 шақты қазақ жұмыс істейтін, сондықтан отандастарымды қатты сағына қоймайтынмын. Ал мұнда 4 қана қазақ болғандықтан кейде қандастарымды я болмаса «Букингтегі» достарымды сағынамын. Уақыт өте мұнда да өзіміздің жастар көбейер деп үміттенемін», — дейді ол. Google-ға жұмыс істеуге барғысы келген қазақстандық неге дайын болуы керек? Қазақстандық жігіттің айтуынша, ең алдымен жақындарыңнан алшақ өмір сүруге дайын болуың қажет.
«Интернетте Google-ға қалай жұмысқа тұруға болатыны туралы мағлұмат өте көп. Шын жүректен қалап, еңбектенген адамның қолынан келетін іс. Бұл сұраққа басқа қырынан жауап бергім келеді. Ең алдымен ұзақ уақыт туған туыстарыңды, достарыңды көрмеуге дайын болу керек. Әрине, кез келген жерден дос табуға болады, бірақ алғаш кездері жалғыздық сезім болады деп ойлаймын. Қазақтың тамағын сағынасың. Мұнда қазы-қарта, қымыз-қымырандарымызды табу қиын. Әр түрлі ұлт өкілдері жұмыс істейтін ортаға түсуге дайын болың қажет. Әр адамның пікірі мен ойын, діні мен өзіндік ерекшелігін сыйлай білу керек», — дейді Аман Өтемұратов. Google қызметкерлеріне қалай қолдау көрсетеді? Оның айтуынша, компания жылына екі рет қызметкерлердің жұмысын бағалап тұрады. «Әрине, жұмысты жақсы істесең, сыйақысын да беріп тұрады. Ал қойылған талапты нашар орындасаң, алдымен оның себебін түсінуге тырысады, содан соң проблемаларды шешумен айналысады. Компания әр қызметкерінің өнімді жұмыс істеуіне тілектес. Қалаған конференцияға, курстарға қатысып, біліміңді жетілдіруге болады. Сіздің істегіңіз келген нәрсе жұмысқа оң әсерін тигізсе, компания көмектесуге әрдайым дайын», — дейді Аман Өтемұратов. Швейцарияда өмір қандай? Қазақстандық жігіт отбасымен Цюрих қаласында пәтер жалдап тұрады. Айтуынша, Google компаниясы тек жұмысқа алғаш келген уақытта, тұрғылықты пәтер тапқанға дейін уақытша қоныстануға көмек береді. Елде үш ірі ұлт өкілдері тұрады, ал халқы төрт тілде сөйлейді екен. Көбіне неміс тілін пайдаланады. Аман Өтемұратовтың айтуынша, Швейцарияда өмір сүру қымбат. «Ет жемесек, жүре алмайтын қазақпыз ғой. Бақытымызға орай, мұндағы тағамдардың сапасы өте жоғары екен. Нидерландыдан көшіп келген соң ет пен сүт өнімдерінің дәм айырмашылығын қатты байқадық. Әйтеуір, керегіміздің барлығын тауып жүрміз. Дегенмен, тағамның сапасына сәйкес, оларға қойылған баға да өте жоғары», — дейді ол. «IT саласында шеберлігімді шыңдап, бес-алты жылдан кейін елге оралуды көздеп отырмын», — деп қорытындылады Аман Өтемұратов.Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...
Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...
Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...
Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....
Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...
Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.