Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістанда мүмкіндігі шектеулі жандар қоларба сапасын сынақтан өткізді
    Айғақ MEDIA

    Түркістанда мүмкіндігі шектеулі жандар қоларба сапасын сынақтан өткізді

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.01.2020345 Views

    Мұндай шара өңірде алғаш рет орын алып отыр. Қоларба сапасына наразылықтың жиі туындауына байланысты бірнеше тараптардың басын қосқан облыс басшылығы, мемлекет тарапынан берілетін әлеуетті өнім сапасын арттыруды көздеп отыр. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев мүгедектігі бар азаматтар мен тауар жеткізуші әлеуетті өнім берушілер ретінде қоғамдық мүгедектер ұйымдары арасында дөңгелек үстел өткізді.


    Басқосуда көру, есту қабілеті жағынан мүгедектігі бар азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін оңалтудың техникалық құралдары жөнінде де пікір алмасты. Кездесу барысында әлеуетті өнім берушілер өз тауарларын таныстырды. Ал, қоларбаны тұтынушылар олардың сапасы мен ыңғайлылығын сынап көрді. Мүгедектігі бар азаматтар қоларбалар мен балдақтардың сапасын сынақтан өткізіп, бірқатар талап қойды.


    Балалар мен ересектерге арналған қоларбаға таңдау жасауға атсалысқан билік басшылары ең алдымен олардың сапасы мен өндірушісіне назар аударылатынын жеткізді. Сондай-ақ, алдағы уақытта арбаға таңылған азаматтың салмағына мен бойына қарап таңдау жасалатын болады. Осылайша тараптар өзара пікір алмасып, ортақ мәмілеге келді.


    Бүгінде республикада тұратын мүгедектігі бар адамдардың 14% Түркістан облысының азаматтары құрайды. Яғни, 682 мың азаматтың 93 мыңы облыстың үлесінде. Олардың ішінде 3 мыңнан астамы қоларбаларды пайдаланады.
    Жыл сайын облыс бюджеті есебінен ауыстыру мерзіміне қарай мыңнан астам адам қоларбамен қамтамасыз етіледі. 2019 жылы барлығы 1924 қоларба таратылды. Жыл ішінде бұл көрсеткіштер қоларбалардың ауыстыру мерзіміне қарай қосымша көтерілуі мүмкін.
    Ауыстыру мерзімдері қоларбалардың түрлеріне қарай ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес белгіленіп, бөлмелік қоларбалар – 7 жылға, серуендік қоларбалар — 4 жылға беріледі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.