Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Әкім сөз құдыретімен тұрғындарды бітімгерлікке шақырды
    Айғақ MEDIA

    Әкім сөз құдыретімен тұрғындарды бітімгерлікке шақырды

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.01.2020401 Views

    247 мыңнан астам халық тұратын Қаратау ауданындағы жұмыстарға көңіліңіз қаншалықты толып жүр? Негізі бес жыл бұрын құрылған аймақ іскерлік орталыққа айналып кетті. Шымкент қаласы әкімшілігінің ғимараты, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры, Түркістан сарайы, кітапхана тізе берсек жетерлік. Осыдан төрт ай бұрын Қаратауға әкім болып қызметке келген Абзал Әліқұлов аймақты дамыту үшін инвестиция тарта алды ма?

    Іскер басшы — ел үшін құт. Әкім халыққа жақын болса дейміз. Бірақ әрдайым солай бола бермейді. Сонымен, Абзал Шымкентбайұлының Қаратау ауданына әкім болғанына төрт айдан асыпты. Осы уақыттың аралығында тұрғындармен жүздесіп, мәселесіне қанық болып үлгерген. Асар мөлтек ауданындағы №89 мектепте өткен есептік жиында әдеттегідей баяндама жасалып, өткен жылдың жұмыстары мәлімделді. Патша көңілді тұрғындар істің мән-жайын біліп алған соң, сұраққа көшті. Аяқсыз қалған жолдарға наразы болып жүрген халық ешкімнің бетіне, беделіне қарамай көңілде жүрген көп ойларын айтып алды.Айтылған сөз атылған оқпен тең. Әкім тұрғындарға уәде беріп, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Абай Тұрханов үшін жауап берді. Кеше келген басшыларды түсінуге тырысайық дейді. Жарайды. Бірақ жұмсақ креслоны баяғыда жылытып қойған қызметкерлердің бейғам іс-әрекетін қайтсек екен?

    Бір ауыз сөзбен адамды бақытты етуге де, көңілін қалдырып, мәңгі жау етуге де болады. 30 жылдық еңбек өтілі бар Әліқұлов сөздің құдыретімен тұрғындарды бітімгерлікке шақырды. Бірі қоғамдық көліктің мәселесін қозғады, бірі сол баяғы жетіспейтін учаскелік полиция қызметкерлерінің жырын айтты. Өте көп сұрақ көтеріліп, микрофонға кезекке тұрғандарды қарияның бәтуалы батасы тоқтатты.

    Есептік кездесу аяқталған соң тұрғындар бірден тарқаспады. Көкейінде жүрген сұрақтарын көпшіліктің көзінше қоюға қымсынғандар әкімнің өзімен тікейлей барып сөйлесті. Абзал Шымкентбайұлы барлығына жауап беруге уақыт тауып, мамандарына тапсырма жүктеп жатты. Жиылған жұртқа алғыс айтып, иықтан бір жүкті түсіріп шыққан Әліқұловты бізде сөзге тартып, төрт айда атқарған нақты тірлігін сұрадық.

    Экономист-менеджер және заңгер мамандығын игерген әкім қызметке келгенім күні кеше дейді. Ендеше уақыт еншісіне қалдырайық.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.