Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»2019 жылы Қ.А.Яссауи кесенесіне 1,5 млн. адам келген
    Бас ақпарат

    2019 жылы Қ.А.Яссауи кесенесіне 1,5 млн. адам келген

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.01.2020763 Views
    Өткен жылы Қ.А.Яссауи кесенесіне келген келушілер саны 1,5 миллионды құрады. Бұл көрсеткішті 2025 жылы 5 млн-ға жеткізу жоспарға қойылған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында мәлімдеді.
    Мейіржан Иябайұлы туризм саласының негізгі индикаторлары алдыңғы жылдармен салыстырғанда өсіп жатқанын айтты.
    «2019 жылдың 11 айында орналастыру және тамақтану орындарына тартылған инвестиция көлемі 13 млрд. тг. құрап, республикада үздік үштікке кіріп отырмыз. Түркістан-Отырар бағытында тарихи-мәдени, Сарыағаш курорты аумағында емдік-сауықтыру, Түлкібас, Төлеби аудандарында экологиялық туризм түрлері қарқынды дамып келеді», – деді облыс әкімінің орынбасары.
    Жалпы облыста 168 қонақ үй, 51 шипажай, 60 демалыс базасы қызмет көрсетеді. Экологиялық, тарихи-танымдық туризм бағытында 57 туристік маршрут әзірленген. Биыл 20 орналастыру орындарын ашу жоспарлануда. Олардың қатарында 8 қонақ үй жаңадан іске қосылса, 7 қонақ үй қайта жөндеуден өткізіледі. 5 емдік-сауықтыру орны ашылады. Сондай-ақ, Түркістан қаласында орналастыру орындарын халықаралық талаптарға сәйкестендіру үшін қонақ үйлер күрделі жөндеуде өткізілуде.
    Қазіргі таңда, Түркістан қаласында туристерге толық ақпарат ұсынатын «Визит орталықтың», «Ұлы Жібек жолының ұлттық дәстүрлі қолөнер орталығының», халықаралық әуежайдың, «Яссауи мұражайының» және т.б. нысандардың құрылысы жүргізілуде.
    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    АҚЫННЫҢ АЛҚАЛЫ КЕШІ

    26.11.2026

    ӨНЕРГЕ АРНАЛҒАН 40 ЖЫЛ

    26.11.2026

    КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕР — ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.