Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Павлодар облысының әкімі тағайындалды
    Айғақ MEDIA

    Павлодар облысының әкімі тағайындалды

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.01.2020976 Views

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Жұмабекұлы Бақауов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатыла отырып,  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 21 қаңтарындағы Жарлығымен Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Ақорда сайтында жарияланған Ә.Б. Сқақовты Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлық мәтінінде «Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалсын.

    Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

    Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы  21  қаңтар» делінген.

    Әбілқайыр Бақтыбайұлы — 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Білімі: 1995 ж. – Ақмола қаржы-экономика техникумын «Салықтар қаржыгері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2000 ж. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржыгер және экономист» мамандығы бойынша бітірген. 2004 ж. – Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. 2017 ж. – М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған, Master of Business Administration іскери әкімшілдендіру шебері дәрежесіне ие. Еңбек жолы: 1995-1998 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Павлодар облысы бойынша салық инспекциясы жанама салықтар бөлімінің маманы. 1998-1999 жж. – Павлодар облысы бойынша салық комитеті ірі салық төлеушілердің салық аудиті бөлімінің бас салық инспекторы. 1999-2000 жж. – Павлодар облысы бойынша салық комитеті ірі салық төлеушілердің салық аудиті бөлімінің басшысы. 2000 ж. – Павлодар облысы бойынша салық комитетінің тіркелмеген салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы. 2000-2001 жж. – Павлодар облысы бойынша салық комитеті төлемдерді талдау, болжалдау және есепке алу бөлімінің басшысы. 2001-2005 жж. – Павлодар облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары. 2005-2006 жж. – ҚР ҚМ СК Павлодар облысы Қашыр ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы. 2006-2008 жж. – Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің экономикалық мәселелер бойынша директордың орынбасары. 2008-2010 жж. – Павлодар облысы бойынша салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының басшысы. 2010-2012 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитетінің Қостанай облысы бойынша салық департаменті бастығы. 2012-2014 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитеті төрағасының орынбасары. 2014-2016 жж. – Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2016 жылдың 1 желтоқсанынан 2019 жылдың 25 сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасы қорғансы министрінің орынбасары. 2019 жылдың 25 сәуірінен — Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарған. Мемлекеттік наградалары: «Салық қызметінің үздігі» атағы, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісі, «Мемлекеттік қызмет үздігі» атағы, «Ерен еңбегі үшін» медалі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.