• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Ақпан 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Есептік кездесуде тұрғындар әкімге емес, полиция қызметкерлеріне сын айтты

20.01.2020
0

Есептік кездесуде тұрғындар әкімге емес, учаскелік полиция қызметкерлеріне көп сын айтып жүр. Мәселен, Шымкенттегі Әл-Фараби ауданында өткен жиында тұрғындар құқық қорғау саласындағы қызметкерлердің жұмысына көңілі толмай отырды. Ашылмай қалатын ұрлыққа, тал түсте болатын қылмысқа учаскелік полициясын танымай жүрген тұрғындар өкпесін айтты.

218 865 тұрғыны бар Әл-Фараби ауданы мегаполистің ортасында орналасқан. Көп қабатты баспанасы басымырақ. Сондықтан, өзге аудандарға қарағанда мәселесі де жинақы. Ең атақты ғұлама ғалымның есімін иеленген Әл-Фараби аймағын Созақ ауданының тумасы Ғабит Мәуленқұлов басқарып отыр. Бұған дейін Қаратау ауданында әкім, қала әкімінің орынбасары болған бұл азамат функционалдық міндетін жақсы білетіні байқалып тұр. Жарты сағатқа созылған баяндамасында құзыретіне кіретін тірліктерді тізіп беріп, тұрғындар көтерген сұрақтарға сенімді түрде жауап берді.

Әкімнің есептік кездесуінде сұрақтың көпшілігі полиция қызметкерлеріне тікелей қатысты болды. Қауіпсіздікті қадағалайтын қорғаушыларымыз көзден таса болып жүрген сияқты. Әншейінде, дыбысты сигналымен үркітіп жүретіндер, керек кезде жым-жырт жоқ болады. Ашығын айтқанда, кейбір қылмыстар «жабулы қазан, жабулы күйінде» қалып жатыр. Осындай мәселелерден ыза болған тұрғындар ең болмағанда мемлекеттің мүлкін қорғаса екен дейді. Бюджеттің ақшасына жасалған тірлікке жаны ашымайтын безбүйректерді қолға түсіретін бейнебақылау камерасын көбейту керек.

Әл-Фараби ауданының әкімдігі соңғы уақытта әлеуметтік желіде белсенділігін арттырған. Фейзбук, инстаграм парақшаларында көгалдандыру жұмыстарына көңіл бөліп, қала тұрғындарын тазалыққа шақырып жүр. Мамандығы заңгер әкім Ғабит Мәуленқұлов барын бар деп мақтанды, жоғын жоқ деп қымсынды. Мұнда учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысына қатысты өкпе-назға жауапты басшылары ләм-мим демей, үнсіз ғана сытылды.

Ашылмайтын ұрлық жоқ, аша алмайтын полиция бар. Бірақ, кейде амалсыз тілімізді тістейміз. Түбінде қарапайым халық сорлайды. Бұрын прокуратурада жұмыс істеген Ғабит Патшаханұлы көтерілген сұрақтардың орынды екенін сезіп тұрған болар, тұрғындарға қолдау білдірді. Әкімнің жұмысы бюджеттің қаржысына жасалып жатқан тірлікпен мақтанып, соның аясындағы ғана жұмыспен әдемі есеп беріп құтылмау керек. Инвестиция тартып, өзге де іс-шараларды ұйымдастыра білу міндеті.

Осындай кездесулерге қалалық мәслихаттың депутаттары қатысып тұруы қажет. Халық қалаулыларына айтарымыз тек қаланың әкімі жүрген іс-шаралардан ғана көрінбей, бір кездері дауыс беріп сайлаған сайлаушыларыңызға жақын болсаңыздар екен. Өтер іс өтті, іс бітті, қу кетті деген әдеттен арылу керек.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА COVID-19-ДЫҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...

СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ ҮШ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ — МИЛАН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Араға 32 жыл салып Михаил Шайдоров еліміздің қоржынына алтын медаль салды.Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.