• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 7, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Дариға Назарбаева агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын қайта қарауды ұсынды

16.01.2020
0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева парламенттік тыңдауға дайындық аясында еліміздің «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Жұмыс бабындағы кездесуге Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Ә.Бектаев, сенаторлар Б.Еламанов, М.Жұмағазиев, Д.Мусин, А.Нұралиев, М.Тағымов, Ә.Құртаев, Б.Жұмағұлов, Н.Төреғалиев қатысты.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кіріспе сөзінде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік үш бағдарламасы аясында субсидиялауға шамамен екі триллион теңге жұмсалғанын, дегенмен саланың көрсеткіштері өспегенін әрі әлемдегі межелерден айтарлықтай артта қалғанына жиналғандардың назарын аударды.

А.Мырзахметовтың деректерінде, біздің еліміз өңделген өнім бойынша импортқа көбірек тәуелді болып отыр, өйткені тиімділігі төмен және одан әрі өңделетін шикізат ретінде пайдаланылатын тірі мал экспорттың негізгі бөлігін құрайды. «Атамекен» ҰКП басшысы бұл жағдай мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігіне теріс ықпал етеді, деп санайды. Оның айтуынша, реформалардағы ұдайы өзгерістер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көңіл-күйіне айтарлықтай әсер етеді. «Соңғы 5 жылда субсидиялау ережелері 47 рет өзгерді. Бұл тұрақты сипатқа ие болды. Ұдайы өзгерістер енгізіледі, фермер жұмысты қалай жоспарлауды түсініп үлгермейді. Құжаттарды дайындауды бастағанда жарты жылдан кейін келесі түзетулер енгізіледі», — деді ол.

Абылай Мырзахметов мемлекеттік органдар арасында үйлесімнің жоқтығын да атап өтті: «Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті ауыл шаруашылығы жерлерінің балансын ұстаушы болып табылатынына қарамастан, барлық актілерді берумен жергілікті атқарушы органдар айналысады, ал өткен жылы химанализді беру Азаматтарға арналған үкіметке берілді. Бұл базаны тәртіпке келтіру керек».

«Атамекен» ҰКП Төралқасы Агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы, агрофирма директоры Иван Сауэр мал шаруашылығын дамытуды не тежеп отырғаны туралы айтып берді. Ол маңызды мәселелердің бірі ретінде ветеринариялық қамтамасыз ету жүйесінің әлсіздігі, деп санайды. Ветеринариядағы көптеген реформалар елдегі ветеринариялық ахуалды бақылауды әлсіретті, ол жануарлардың қауіпті ауруларының өршу жағдайлары жиілеп кетуінен байқалып отыр.

Есеп-қисапқа қосып жазу – жеке мәселе болып отыр. И.Сауэр ет өндірудегі көрсеткіштерді көпе-көрінеу асыра көрсетіп, бұрмалайтындарды мемлекет жазалауы тиіс екенін айтты. Оның ойынша, ет өндірісін дамыту мәселесінде «әр қиырдан ангус етін іздеуді қойып, отандық тұқымды дамыту керек», әсіресе аймақтық ерекшеліктерге жақсы бейімделген қазақтың ақ бас сиырын өсіруді қолға алған жөн.

И.Сауэр ауыл шаруашылығына арналған егістікті суару жұмыстарын мемлекеттік қолдау тақырыбын да қозғады: «Маған жерді міндетті түрде суару керек, мен оны іске асырғым келеді. Ештеңе тарту етудің қажеті жоқ. Бүкіл әлемдегі сияқты 2-3%-ға несие беріңіздер, сонда мемлекет 60-70%-ды үнемдейтін болады. Ақыр соңында біз адамдарды пара беретін схемада өмір сүруге емес, ақша табуға үйретуіміз керек», — деді Иван Сауэр.

Кездесуге қатысушылар өз сөздерінде ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсету сервисі туралы мәселені көтерді. Мысал ретінде басқа елдердің сервис орталықтарының жұмысы атап өтілді, оларда норматив бойынша ең күрделі жөндеу жұмыстарына 3 сағат, ал Қазақстанда — 12 күннен 3 айға дейін уақыт кетеді. Агроөнеркәсіп кешені бірлестіктерінің өкілдері осыған байланысты ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету жөніндегі компаниялардың жұмыс шарттарын қайта қарауды ұсынды.

Сенат Төрағасы жауап сөзінде бұл мәселеде мемлекеттік қолдау қажет екенін атап өтті: «Сервисдің қымбаттығы өз кезегінде өнімнің өзіндік құнына әсер ететін болады. Оған жол беруге болмайды. Машина-трактор станцияларын дамытуды ынталандыру қажет. Қазір бұл орын бос тұр», — деді ол.

Кездесуде сөз алған «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев қатысушыларды компанияның қаржылық жағдайымен және холдингтің 2020-2029 жылдарға арналған даму стратегиясын таныстырды.

Сенат депутаттары өз кезегінде таяудағы өңірлердегі сайлаушылармен кездесулері туралы айтты. Олардың айтуынша, аграршылар несиелеу мөлшелемесінің жоғары екенін, шағын шаруа қожалықтарына қол жетімді техниканың жоқтығын жиі көтереді. Қолданыстағы заңнамаға пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін алып қоюды оңайлататын өзгерістер енгізу – талқылаудың жеке тақырыбы болады.

Дариға Назарбаева талқылауды қорытындылай келіп, агроөнеркәсіпті дамыту бағдарламасын қайта қарау керектігіне тоқталды. Өйткені, салада өндірістің құлдырауы мен саланың тұралауы байқалып отыр, қолда бар ресурстар әрқашан тиімді пайдаланылмайды, көптеген шешімдердің экономикалық негізделгені көрінбейді. «Егер қазір барлық өңдеуші кәсіпорындар қуатының 45% ғана пайдаланылып отырған болса, оның үстіне 776-сін жасауды несиелеудің не керегі бар?», — деді ол «ҚазАгро» басшысына.

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева шараның қорытындысы бойынша Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне кездесуге қатысушылар қозғаған проблемалық мәселелерді зерделеуді және оларды парламенттік тыңдауларда талқылауға дайындауды тапсырды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

30 ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

ӨНДІРІС- ЭКОНОМИКАНЫ ӨРКЕНДЕТЕДІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қазіргі таңда отандық өндірісті өркендету — мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі. Өйткені қуатты өндіріс — тұрақты экономиканың кепілі. Бұл бағытта үшінші...

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Білім күні қарсаңында Шымкентте 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімде қала әкімі жаңа пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстап, қуанышты сәттерімен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.