Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»АӘК-ті алуға 10 күнде Шымкенттен 9244 отбасы ниет білдірген
    Айғақ MEDIA

    АӘК-ті алуға 10 күнде Шымкенттен 9244 отбасы ниет білдірген

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.01.2020433 Views

    2020 жылдың алғашқы аптасының өзекті мәселесіне айналған атаулы әлеуметтік көмекті алуға 10 күн ішінде Шымкент қаласы бойынша 9244 отбасы ниет білдірген. Оның 2765-і нақты құжаттарды өткізіп, қалған азаматтар осы тұрғыдан қажетті кеңестер алған. Бұл туралы Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингісінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді, деп жазады «Айғақ-Ақпарат» тілшісі.

    Дәл осы мәселе бойынша бүгінгі күні құжаттар қала бойынша 5 жерде қабылданса, енді алдағы уақытта олардың санын арттыру көзделуде. Жұмыссыздық пен масылдықты жоюға және халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған бұл атаулы әлеуметтік көмектен бөлек, әлеуметтік пакеттің де барын еске сала кетейік.  

    Ол пакеттің ішінде:

    • мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған тамак пен гигиеналық құралдар.

    • Оқушы балалар үшін тегін ыстық тамақ және мектепке бару және қайтуы кезінде тегін жол жүру. 

    Осы аталған көмекті бұған дейін 23 мың бала алып келсе, бұл сандар биылдан бастап 74 мыңға артып отыр. 

    Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке құжатты қаңтар айының соңына дейін тапсырып үлгергендер ақпан айының 10-на дейін қолдарына көмекті алатын болады. Ал, үлгере алмағандар үміттерін үзбей, келесі айдағы мемлекеттік көмекке құжат тапсыра алады. 

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.