• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ОҚМУ ғалымдары Абайдың тасада қалған туындыларын зерттеп жүр

09.01.2020
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санынында ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы Абай Құнанбайұлы жайлы “Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан” атты көлемді мақаласы жарыққа шықты. Абайды әлемге танытқан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері мақаладан өз бойларына рухани азық алды.

Президент өз мақаласында: «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы айтты. Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналды. Өйткені сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз» деді.

Расымен де, Қазақ халқының ұлт ұстазы Абай (Ибраһим) өз халқымен бірге міне ХХІ ғасыр межесіне жетіп, ел-жұртымен бірге емен-жарқын жасап жатыр. Өзі кезінде айтқандай:

                                     Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,

                                     Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, –

деп, шайырдың өзі жоқ болса да, сөзі қалды.  Асыл сөз өлмейді. Асыл сөз айта алған адам да, асылы өлмек емес. Кезінде Абайдың шығармашылық өмірін құнттап, кейінгі ұрпақ үшін алтын сандыққа салып, аманат қып, беріп кеткен М.Әуезов өзінің атағы әлемге жайылған «Абай жолы» роман- эпопеясында: «Алтын терек, арсыға құлаш ұрған ардақты азамат, сен өлмейсің! Еліңнің жалғыз жан, ең соңғы ұлы ма, қызы ма, ең кейінгі нәсілі бірде-бір жан болса, соның да кеудесінде сенің атың бірге кетеді. Сенің тірлігің бірге жасайды, сенің нұрың бірге жарқырайды! Алдың жарқын, өзің солай сеніп ең…  Ана жұртың сені өлді демейді…» деген болатын.

         Мемлекет басшысы мақалада азаматтарға, әсіресе, жастарға мемлекетті сыйлаудың мән-маңызын түсіндіру қажет екендігін, осы ретте тағы да Абайдың мұрасына зейін қойған абзал екендігіне ерекше тоқталып өтті.

         М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 2018 жылдың қараша айында «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылған болатын. Оған белгілі ғалым, абайтанушы, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысының қолынан екінші дәрежелі «Барыс» орденіне ие болған, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы жетекшілік етеді. Ғалымдарымыз Мұхтар Әуезовті ғана емес, Ұлы Абай мұрасын зерттеуді тоқтатқан емес.

         Орталықтың қызметкерлері М.Әуезовтің мұражай үйіндегі Мүрсейіт қолжазбасына сүйеніп, қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет Абайдың «Китаб тасдиқ» шығармасының транскрипциясын жасап шықты. Бұл Абайтану тарихында үлкен орын алар ғылыми жаңалық деп білемін. Біз осы кезге дейін аталмыш шығарманың түпнұсқасын оқымай, қазіргі қазақ тіліндегі аудармасын оқып келгенбіз. Себебі, Мүрсейіт қолжазбасынан бермен қарай Абайдың «Китаб тасдиқ» шығармасының түпнұсқасы қазақ оқырманына жетпеген.  Ақиқатында, Абай  «Китаб тасдиқ» шығармасын шағатай тілінде жазған. Шағатай тілі  әркезде мұсылман-түрки, яки қадымша, яки китаби тіл деп аталып келген. Қазақтың әдеби тілін түрлендірген Абай тек «Китаб тасдиқ» туындысын осылай өзгеше тілмен жазған. Себебі «Китаб тасдиқ» – көркем шығарма емес, ғылыми еңбек яки трактат.  Ал, шағатай – бүкіл түрік жұрты мың жыл бойы қолданған ғылыми һәм әдеби ортақ тіл. Ол стилмен кезінде Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи, Насреддин Рабғузи, Сәйф Сараий, Қадырғали Жайлайырилар жазды.

«Китаб тасдиқ» – осы күнге дейін бағы ашылмай келе жатқан туынды.  Оның бағы ашылуы үшін ең әуелі оның түпнұсқасы жариялануы керек еді. Түпнұсқасыз мәтінтану ісі толыққанды бола алмайды. Түпнұсқа сонау баяғы архив сөрелеріндегі  Мүрсейіт қолжазбасының ішінде  шаң басып, жетімсіреп жатқан еді. Содан бері шығарма А.Байтұрсыновтың жаңаша араб әліпбиімен де, кейінгі латын һәм кирилл алфавитімен де жарық жүзіне шықпай, елеусіз боп қалған болатын. Ал, біз оқып жүрген қазақша тәржімә мәтінге  өз аты қойылмай, осы күнге дейін «38 қара сөз» деп аталып келген еді. Енді Абайдың ең басты шығармасына өз атын беріп, өзі жазған түпнұсқа тілде ел-жұртқа жеткізу керек деп ойлаймыз. Бұл ұлы данышпанның 175 жылдық мерей тойы қарсаңында  баға жетпес зор сыйлық болар еді деп ойлаймыз.

Абайдың сонау 1995 жылғы 150 жылдық мерейтойында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Әлем халықтарының рухани өміріндегі жарық жұлдыздарының бірі және бірегейі – Абай. Сондықтан да қазақ мәдениетінің тарихындағы осынау ерекше жаратылған құбылыстың  мән-маңызын өте жоғары бағалаған  ЮНЕСКО өз ұйғарымымен биылғы 1995 жылды – Абай жылы деп атады. Бұл – тәуелсіздік туын жаңа  ғана  тіккен біздің халқымыз үшін үлкен абырой! Есімі адамзат жүрегінде мәңгілік сақталар ұлы тұлғалар – Гете, Байрон, Науи, Пушкиндермен қатар аталар ұлы бабамыздың мерйтойын бүкіл  дүние жүзі халықтары бізбен бірге тойлап жатса, еңсесін енді ғана көтерген ел үшін бұл шынында зор мерей емес пе.

Мемлекет басшысы мақаласында айтқандай Абай хакім бүгінгі біздің де шын мәнінде «өлмес, өшпес тұрғыласымыз екені анық. Бізге керегі енді сол «тұрақты нұрды» тұрғылас ретінде тану ғана.

Дария Қожамжарова

М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, ҚР ҰҒА-ның академигі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.