Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Ұстаз – ұлттың көшін бастаушы тұлға
    Айғақ MEDIA

    Ұстаз – ұлттың көшін бастаушы тұлға

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.01.2020541 Views

    Барша адамзат баласының өміріне нәр беріп, жақсылық пен жамандықты айыруға, өмірдің мәнін түсінуге зор ықпал ететін тұлғаның бірі, әрі бірегейі – ұстаз екендігі даусыз. Өмірдің мәнін ұқтырып жол сілтейтін тау тұлғалы ұстазынан тәлім-тәрбие алмаған жан болмайды.

    31 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына қол қойды. Бұл заң ұстаздың ұрпақ санасын білім нәрімен нұрландырушы маман ғана емес, ұлттың тағдырына әсер етуші жауапты тұлға екендігін тағы бір дәлелдеді.

    Педагог мәртебесін айқындайтын Заң негізі төрт бағытты қамтиды: Бірінші, ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту; Екінші, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту; Үшінші, материалды емес стимул тетіктері; Төртінші, материалдық ыңталандыру.

    Заңда орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері үшін көптеген жаңашылдық қарастырылған. Біріншіден, 2020 жылы жалақыны 25 пайызға өсіру және төрт жыл ішінде екі есе арттыру көзделген. Екіншіден, педагог өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартылудан қорғалады. Сонымен қатар, енді педагогтерді әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылады.  Үлгілік оқу жоспарлары төмендеуі есебінен 2021 жылдан бастап оқу жүктемесінің 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендейді. Заң бойынша педагогтердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға бірінші кезекте орын беріледі.

    Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері үшін еңбек демалысын кезеңі 42 күннен 56 күнге ұзарту көзделген. Мектепке дейінгі ұйым ұстаздарының педагогикалық шеберлігі үшін лауазымдық жалақыдан 30 бен 50 пайыз аралығында жаңа қосымша ақы енгізіледі. Бұл санаттағы мұғалімдердің балаларына мектепке дейінгі ұйымдарға бірінші кезекте орын беру мүмкіндігі қарастырылған.

    Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне де 2020 жылы жалақысы 25 пайызға өсіп, төрт жылдың ішінде екі есе арттырылады. Бұл санаттағы мұғалімдер міндетіне кірмейтін функцияларға тартудан қорғау және қарастырылмаған есептіліктен босату көзделген.

    Осы заңның ҚР Парламентінде қабылдануы үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі нәтижелі жұмыстар атқарды. Қоғам арасында талқылауға салып, барша педагогтерден ұсыныстар қабылдады. Министр А.Аймағамбетов заң қаржымен толығымен қамтамасыз етілгендігін, 2024 жылға дейін 5 триллион 3 миллиард теңге осы нормаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен бөлінетіндігін атап өтті.

    Бұдан басқа, ілеспе заңда ата-ананың жауапкершілігін арттыру, бала құқығын қорғау, ұстаздарға әдепсіз мінез-құлық көрсеткені үшін, орынсыз есептілік, қағазбасылық, заңсыз тексерістер үшін нақты санкциялар, яғни айыппұлдар қарастырылған.

    Бұл заң ғасырлар бойы халқымыздың дүниетанымында ұрпақ тәрбиесіне ізгілік дәнін сеуіп, мәңгілік жадында жаңғырып тұратын ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы қоғам алдындағы функциясы мен абыройы заманға сай сақталған бірегей тұлға болып қала беретіндігіне үлкен серпіліс беретіндігі анық.

    Дария Қожамжарова

    М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, ҚР ҰҒА-ның академигі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.