Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Мәжіліс депутаттары — Түркістанда
    Айғақ MEDIA

    Мәжіліс депутаттары — Түркістанда

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.01.2020743 Views

    Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары жұмыс сапарымен келді. Байділдә Жылқышиев, Мансұрхан Махамбетов, Уәлихан Қайназаров, Құдайберген Ержан, Сәкен Қаныбеков және Мұхтар Ерман облыс әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовпен кездесті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында өңірдің дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы сөз болды. Парламент өкілдері Түркістан қаласының ажары ашыла түскенін айтып, құрылыс барысына оң бағаларын берді.

    Депутаттар облыс орталығын аралап, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының  «Open spase» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен танысты. Партия қызметкерлерімен, фракция мүшелерімен кездесіп, тұрғындардың талап-тілектері жөнінде пікір алмасты. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған, биыл қолданысқа енгізілген бірнеше жаңа заң жобалары туралы ой бөлісті.

    Өңірдің тыныс-тіршілігімен танысуға арнайы келген депутаттар бір апта бойы аудан, қалаларды аралап, фракция мүшелерімен, сайлаушылармен кездеседі.
    Осыған дейін халық қалаулылары Төлеби ауданындағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралады. Сондай- ақ, жергілікті халықпен кездесіп, ҚР Парламент Мәжілісінде қабылданған заңдар, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар төңірегінде ой өрбітті. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде айтылған өзекті мәселелер, «Nur Otan» партиясының жұмысын жаңғырту жолында атқарылуы тиіс жұмыстар, міндетті әлеуметтік сақтандыру, жастар кадрлық резерві, жоғарғы оқу орындарын оңтайландыру мәселелерін түсіндірді.  Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап берілетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы сөз етілді. Жиынға қатысушылар ашық әңгіме барысында толғандыратын сұрақтарына толыққанды жауап алды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.