Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Ерман Оңтүстікке іс сапармен келді. Ол жұмыс барысында құрылысы іске асып жатқан «Адия» тұрғын үй алабының жұмысымен танысып, Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылындағы өнідістік кооперативте болып ауыл шаруашылық өнімін өндірушілермен кездесті. Сонымен қатар, халық қалаулысы Шымкент қаласына қарасты Сайрам ауылындағы 300 орындық мектептің құрылысын көзбен көрді. Заманауи талапқа сай бой көтеріп, маусым айында пайдалануға берілген нысан өткен жы лы құрылыс басталғанболатын. Бүгінде оқушылар үшін сақадай сай тұр. Спортзалы мен асханасы және мәдениет залындағы құрал жабдықтарда әкелініп қойған. Құны 482 млн ды құрайтын нысан құрылысын мәжіліс депутаты аралап көріп, сапасы мен оқушылар үшін жасалған жайғдайға куә болды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әр облыстарда атқарылып жатқан жұмыстарды назарға алып, аймақтардың дамуына көз жеткізіп жатқан халық қалаулылары өңір халқының атынан бірқатар ұсыныс пікірлерді тыңдады. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлердің талап тілегін парламентте жан-жақты талқылап, тиімді ұсыныстарға тиісті жауап айтатындығын жеткізді халық қалаулысы.
ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ
Заң қызметтерінің қолжетімділігі бүгінгі күннің маңызды мәселенің бірі. Тақырыпты кеңінен талқылау мақсатында Ospanova Law Group компаниясының директоры, құқықтану саласының маманы,...