Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкентте құқықтық мәселелер қабылдауы арта түскен
    Айғақ MEDIA

    Шымкентте құқықтық мәселелер қабылдауы арта түскен

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.01.2020199 Views

    2018 жылдың 9 тамызынан бастап Шымкент қаласы прокуратурасының Құқық қорғау  қызметтері орталығында (әрі қарай-Орталық) құқықтық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасынан.

    Осы мерзім ішінде, орталыққа 6362 азамат келіп, оның 3000 астамын прокурорлар жеке қабылдады.

    Қорғаушылардың ақысыз қызметтерін 1200 астам адам пайдаланса, медиаторлар 900 астам азаматқа кеңес беріп, 25 медиативтік келісім жасалған, әкімдік қызметкерлерімен 700 астам, ал әділет департаменті қызметкерлерімен 562 адам қабылдаған.

    Орталық қызметінің тиімділігін — қала тұрғандарының прокуратура басшылығына арналған алғыс хаттары мен пікірлері дәлелдейді.

    Мысалы, Ә.Атабаевтардың 4 баласына қорғаншылық рәсімделіп, оларды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан үйіне қайтаруға, өндірістік жарақат алған М.Айткуловқа 3, Б.Қожамқұловқа 2 топтағы  мүгедектік тағайындалып, пенсия алуға, 2 жыл бойына өзіне тиісті емдік – сауықтыру  алмаған 2 топтағы мүгедек А.Тоқбергеновке «Сарыағаш» шипажайына жолдама алуға ықпал жасалды.

    Сонымен бірге, Орталықта Әділет Департаменті мен жеке сот орындаушылардың қатысуымен алимент өндіру мәселелеріне қатысты «Ашық есіктер күні» акциясы тоқсан сайын өткізіліп, өткен мерзім ішінде акцияға 218 адам қатысқан.

    Мағыналас шара кәсіпкерлері толғандырып жүрген мәселелер бойынша Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп түрлі акциялар, «Медиация – дауды шешудің тиімді жолы» атты қоғамдық қабылдаулар да ұйымдастырылуда.

    Сонымен қатар Орталықта әр аптаның сейсенбі күндері бекітілген кесте бойынша аудан прокурорлары, аудан әкімінің және аудандық ІІБ-сы басшыларының қатысуымен жеке қабылдаулар ұйымдастырылуда.

    Қала тұрғындары үшін тағы бір жағымды жаңалық ол, 2020 жылдан бастап әр айдың соңғы аптасының бейсенбі күні қала прокурорының және қалалық ІІД-нің, Әділет, Мемлекеттік кірістер Департаменті басшыларының жеке қабылдаулары өтетін болады.

    Орталықтың негізгі қызметі- түйіні тарқамаған күрделі мәселелерді анықтау мақсатында азаматтарды кедергісіз қабылдап, оларға ашық, жариялы түрде көмек көрсетіп, адам құқығының жедел түрде қорғалуын қамтамасыз ету.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.