Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы бойынша ешқандай да төтенше жағдай орын алмаған. Бұл туралы Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мадияр Жақсыбаев баяндады. БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте департаменттің жаңа жылдық мереке күндері атқарған жұмыстары да сөз болды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында халық арасында үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстары ірі сауда орталықтарында, базарларда жүргізілген. Бұл жұмыстар жергілікті атқарушыы органдардың және полиция департаменті қызметкерлерімен бірге жүзеге асқан. Нәтижесінде, 2019 жылдың 13 желтоқсанынан бастап, рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, 1885 пиротехникалық заттар тәркіленіп, 7 әкімшілік іс қозғалған.
Өткен 2018 жылы осы бағытта 17 рейдтік жұмыстар жүргізіліп, 10 әкімшілік іс қозғалып, 283 625 теңге айыппұл салынды. Рейдтік іс-шара барысында 50 қорап, 2520 пиротехникалық заттарды тәркілеуге алынған.
Жаңа жыл мерекесі күндері өрт сөндіру бөлімшелері күшейтілген түрде жұмыс жасады. 2020 жылы 1-4 қаңтар аралығында өтр сөндіру бөлімдері 17 рет рейд жасады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар тіркелмеген.