Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі мәслихат депутатын қабылдады
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі мәслихат депутатын қабылдады

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.08.2016147 Views

    8 тамыз күні өңір басшысы Б.Атамқұлов облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Жаңабай Ағабековті қабылдады. Кездесуде тараптар халқы тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысынан республиканың солтүстік өңірлеріне қоныс аударуды ұйымдастыру жұмыстары жөнінде әңгімелесті. Халық қалаулысының айтуынша, ертең облыс орталығы – Шымкенттен тағы 25 отбасы теріскейге қоныс аудармақ. Олардың көшуіне үлес қосқан кәсіпкерге облыс әкімі алғысын білдіріп, ісіне сәттілік тіледі. Еске салайық, депутат Ж.Ағабековтың бастамасымен осы жылдың мамыр айында Сарыағаш ауданының тұрғындары қатарынан 48 азаматтың Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапары ұйымдастырылып, нәтижесінде 30 отбасы аталған облысқа қоныс аударған болатын. Солтүстіктегі Ш.Уәлиханов және Ақжар аудандарына көшкен жанұялар баспанамен және ауылшаруашылық техникаларымен қамтамасыз етілген еді. Айта кетейік, Елбасының еңбек күші мол аймақтан еңбек күші жетіспейтін өңірлерге қоныстандыру бойынша берген тапсырмасын орындау аясында осы жылы Солтүстік Қазақстан облысына 70 отбасы қоныс аударды. Бүгінгі таңда аталған отбасылардың «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде көшу шығындарын субсидиялау үшін тиісті шаралар қабылдануда.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.