Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Шымкент қалалық Полиция Департаментіне 109 жаңа қызметтік автокөлік берілді. Жол сақшыларына арналған көліктерді Мегаполис әкімі Ерлан Айтаханов тапсырып, қала қауіпсіздігінің артатынына сенім білдірді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту туралы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауына сәйкес, Қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда аянбай еңбек атқарып жүрген патрульдік полиция қызметкерлеріне 109 бірлік жаңа автокөліктер беріліп отыр.
ИРРИГАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Әл-Фараби ауданында жауын-шашын кезінде су жиналып, ирригациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе жыл...













