Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Шөкеев облыс орталығындағы нысандардың құрылысын тексерді
    Айғақ TV

    Шөкеев облыс орталығындағы нысандардың құрылысын тексерді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа31.12.2019Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан қаласында көлік нөпірі көбейгендіктен, кептелісінің алдын алу мақсатында бірқатар көшелер кеңейтіліп, тағы біразы жөндеуден өтіп, бірнеше жаңа жолдар төселмек. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылысы басталған Ясауи көшесінің жобасымен танысты. Мемлекет қазынасынан керекті қаражат бөлінген жаңа жолдың айналасына жолаяқ төселіп, жан-жағы жасыл желекке оранбақ. Аймақ басшысы жаңа көшенің құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшылығына жол салу технологиясының талаптарын қатаң ұстануды талап етті. Арнайы жұмысшы топты басқарған Өмірзақ Естайұлы шаһарда салынған су арналары мен гүлзарларды аралап көрді.

    Қаладағы экологиялық ахуалды тұрақтандырып, қолайлы климат қалыптастыру мақсатында шаһарды айнала «Жасыл белдеу» құрылған. Төрт жыл ішінде 4 млн түп көшет отырғызылып, көше қала ну орманға айналмақ. Аймақ басшысы Түркістан қаласындағы теміржол вокзалын аралап көріп, жаңадан соғылатын гүлзар мен вокзал аймағындағы абаттандыру жұмыстарының жобасымен танысты. Теміржол вокзалының айналасында күрделі жөндеу жүрігізіліп, жолдар жаңадан төселеді. Сонымен қатар, Өмірзақ Шөкеев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасы абаттандыру жобасын тексерді. Бұл шешім Дүниежүзілік мұра мәселелері жөніндегі ЮНЕСКО отырысында қабылданған болатын. Қазір құрылыс аумағы тегістеліп, тазартылуда. Түркістан облысының әлемдік деңгейде мәдени дамуын, халықаралық туризмді дамыту мен сақтау және Ұлы Жібек жолының дәстүрлі қолөнерін жандандыру көзделген.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.