Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістандық полицейлер балаларды жаңа жылмен құттықтады
    Айғақ TV

    Түркістандық полицейлер балаларды жаңа жылмен құттықтады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.12.2019Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері «Жаңа жыл» мерекесіне орай қаланың бас шыршасына жиналып, балаларға ерекше тарту жасады. Аяз ата мен Ақшақар, түрлі жан-жануарлар кейпіне енген тәртіп сақшылары өздерінің құттықтау сөздерін айтып, балалармен бірге шыршаны айнала ән шырқап, би биледі. Кешкі уақытта серуендеуге келген әрбір қала тұрғынына  керемет көңіл-күй сыйлады.    Мерекенің басты кейіпкері Аяз Атаның сыйлыққа толы қоржынын көрген балалар жарыса өнерлерін көрсетті. Бірі тақпағын тарту етсе, бірі әсем әнін шырқады. Аяз Ата әрбір баланың өнерін бағалап, дайындап келген сыйлықтарын үлестірді. Осылайша мерекелік бағдарлама қыстың аязды күніне қарамастан біршама уақытқа созылып, жиналған көпшіліктің көңілінен шықты.

    Өз кезегінде ата-аналар ортаға шығып, полицей Аяз Ата мен Ақшақарға алғыстарын жеткізді.            «Қаланың бас шыршасын тамашалауға отбасымызбен келген едік. Полицейлердің тосынсыйына тап болдық. Ұл-қыздарымыз Аяз Атаның қолынан алған сыйлыққа мәз-мейрам. Мереке қарсаңында тұрғындар үшін уақыттарын бөліп, көңілімізді көтерген облыс полицейлеріне ризашылығымызды білдіреміз»-деген тұрғындардың бал-бұл жанған жүздерінен қуаныш сезімі сезіліп тұрды.

    Мұндай іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып жатқан жоқ. Полицейлер жыл сайын балаларды қуантуға асығады. Облысқа қарасты қала, аудандарда да мерекелік шаралар өткізіліп, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға азық-түліктер жеткізіліп, қайырымды істермен жалғасып отырады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.