Қазақстан Реуспубликасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев 28 желтоқсанды аза тұту күні туралы Жарлыққа қол қойды.
«Ұшақ апатының салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы. Алматы облысының Талғар ауданында жолаушылар ұшағының апат болуы салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 2019 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялансын» делінген Жарлық мәтінінде.