Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Қызмет бабында қаза тапқан полицей ҚР ІІМ-нің медалімен марапатталды
    Айғақ TV

    Қызмет бабында қаза тапқан полицей ҚР ІІМ-нің медалімен марапатталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

       Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Жетісай АПБ-нің басшы құрамы қызмет бабында қаза тапқан полицейдің отбасымен кездесіп, әріптестерін сағынышпен еске алды. Осыдан 12 жыл бұрын ойда-жоқта отбасының асыраушысы, тірегі, жұбайынан айырылған Меруерт Укиева, күйеуінің шаңырағының отын сөндірмей, отбасының ұйытқысын сақтап, жолдасы Нұржан Алтынбековтың артында қалған 3 ұл мен 2 қызын тәрбиелеп, үлгілі ана атанып отыр. Оның жұбайы Алтынбеков Нұржан Қауасбекұлы 1978 жылы Өзбекстан Республикасында дүниеге келген. 1997 жылы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 2001 жылы бітіріп шығады. 2005 жылы алғаш рет ІІО-на қызметке орналасқан. 2006-2007 жылдар аралығында Сарыағаш АПБ-нің заң тобының заң кеңесшісі қызметін абыроймен атқарған. 2007 жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін ОҚО ІІД Жол полициясы басқармасы жеке батальон қызметінің аға инспекторы лауазымында қызметте болған. Оны 2007 жылдың 14-қырқүйек күні күнделікті жол бойында қызметін атқарып тұрғанда, ішімдік ішіп, мас халде көлік басқарған жүргізуші қағып кетеді. Өкінішке орай, келесі күні бір отбасының шаңырағы ортасына түсіп, ІІО-ы саласы қызметін мінсіз атқарып жүрген қызметкерінен айырылып қалды. Олай деуімізге себеп, жол-апаты салдарынан алған жарақатынан соң, Нұржан қайта көзін ашпады.

      Иә, осындай қайғылы жайттан соң, отбасы да, қызметтестері де есеңгіреп қалды. Арда азаматтың есімі естен шықпақ емес. Оған дәлел ағымдағы жылдың 16-желтоқсан күні ҚР-ның Тәуелсіздік күні қарсаңында өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін бұрынғы ОҚО ІІД қызметкері Нұржан Алтынбеков қызмет бабында қайтыс болуына байланысты «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» атты ҚР ІІМ-нің медалімен наградталды. Аталған марапатты табыстау үшін өмірден өткен полицейдің жұбайы Жетісай АПБ-не құрметпен шақыртылып, полиция полковнигі Ермахан Абдраманов мерекемен құттықтап, марапатты салтанатты түрде ұсынды. Сондай-ақ, гүл шоқтарымен сый-сыяпаттар жасады. Кездесуде сөз алған ауданның бас полицейі: «Қызмет бабында қайтыс болған жандар, бұлар – елдің тыныштығын күзетіп, қылмысты ашу мен оның алдын алуда өздерінің бар күш-жігерлерін жұмсап, еңбек еткендер. Болашақ ұрпаққа осындай қызметкерлеріміздің қайсарлықтары үлгі болары анық»,-деп атап өтті. Жоғарыда аталған полицейдің ұлдары болашақта тәртіп сақшысы болғылары келетінін айтып, полицейлердің қызметіне қызығатындықтарын жеткізді. Осы тұста, бұл жастардың әке жолын жалғастырып, елдің нағыз азаматтары болатынына бізде сенімдіміз. Отбасыларына амандық тілейміз.

    ТО ПД-нің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.