• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАН: 2019 ЖЫЛЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА 1 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ГРАНТ БӨЛІНГЕН

26.12.2019
0

  Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жыл — Жастар жылы деп жариялағаны белгілі. Осы орайда, биылғы жылы Түркістан облысында жастар жылын қолдау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып, облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың арнайы тұжырымдамасы әзірленді. Нәтижесінде облыс көлемінде 251 жоба мен шара зерделеніп, Түркістан облысының 4 идеологиялық бағытына сәйкес 11 жаңа ірі жоба жүзеге асты. Атап айтқанда, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасының II бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында 505 000 теңгелік грантты – 2093 жас иеленді. Оның жалпы көлемі 1 млрд. тенгеден асты.   Бұдан бөлек, облыста кәсіпкерлікті дамыту бойынша бағдарламаларды насихаттау, шалғай ауылдардағы жастарға мемлекеттік әлеуметтік көмек шараларын түсіндіру, грант, несие алу жолдарымен таныстыру үшін аудандарда облыстық мобильді топ құрылды.  Нәтижесінде   8 600-ден астам жасқа мобильді қызмет түрлері көрсетілді.      «Жасыл ел» жобасы бойынша 2019 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін 1275 жас жұмыспен қамтылды. Олардың жалақылары 75 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 2019 жылы 1695 жас маман жұмысқа орналасты. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 913 маманды құраған. Облыс басшылығының қолдауымен 356 жас маман баспаналы болды. Жыл қорытындысымен облыстық мәслихатпен бірлесе «Дипломмен ауылға» форумы өткізіліп, белсенді жастар марапатталды.  Насихаттау жұмыстарының жүйелі жүруінің арқасында түрлі роликтер мен челленждер түсіріліп, «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысушылар саны артып,  6 635 жас 6 айлық жұмыспен қамтылды. Елбасы, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласындағы құрылыс нысандарына студент жастар тартылды. Осы орайда, Түркістан қаласындағы 10 құрылыс компаниясымен келісім-шарт жасалып, нәтижесінде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 1000-ға жуық студенттері 2 ай бойы қаламыздың құрылысына қатысып, гүлденуіне үлес қосты.  Сондай-ақ, облыс әкімдігі тарапынан жазғы маусымда жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған «TURKISTAN – JASTAR QALASY» жобасы ұйымдастырылып, республика бойынша ең ауқымды, сәтті жоба деген баға берілді. Шараға 30 мыңнан астам жастар қатысты. Бұдан бөлек, Түркістан қаласында ұлттық ойындар, стрит бол, стрит уорк аут, стрит дэнске арналған 4 жаңа жастар алаңшалары салынды. Түркістан қаласындағы туризм, инфрақұрылымды дамыту бағытында «Ырыс» микроқаржы ұйымымен бірлесіп, жас кәсіпкерлердің бизнес жобаларын қолдау бағытында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы жүзеге асты. Нәтижесінде жастардан несие алуға – 50 жоба ұсынылып, 35 жоба 1 пайыздық несиемен қаржыландырылды. Оның жалпы көлемі  70 млн. тенге құрады. Бүгінгі күні облыс орталығындағы туризм, ресторан ісі, инфрақұрылымды дамыту бағытында жас кәсіпкерлердің «Ернұр» хостел, «Рейс» студиясы, «Сити» ферма, «YassCoffe, Yass Burger» жобалары сәтті жүзеге асуда.  Атап өтейік, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы жастар жылын қорытындылау мақсатында «Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани-мәдени орталығына айналдырудағы жастардың рөлі» атты «Таун Холл» форматында  шарасын өткізіп, жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесі бойынша презентация ұйымдастырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз...

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Шымкентте 40 тұрғынның көптен күткен арманы орындалды. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған...

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Осы айтулы датаға орай Шымкентте «Абай сөзі –...

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

КҮН САЙЫНҒЫ ЕРЛІК

Айғақ медиа
05.08.2026
0

Бір күн. Ондаған тапсырма. Жүздеген адамның қауіпсіздігі. Бұл – полиция қызметкерінің қалыпты жұмыс күні. Форманың ар жағында қандай жауапкершілік жатыр?...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.