Түркістанның төрінде өңіріміздің үздік спортшылары мен дене шынықтыру саласының майталмандары марапатталды. 2019 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша спортта жетістікке жетіп, Түркістан облысының атын шығарған спортшылар Ел Президентінің және министрліктің ұсынған марапаттарына, сондай-ақ облыс әкімінің ынталандыру номинацияларына ие болуда.
2019 жылы Түркістан облысында дене шынықтыру және спорт саласындағы негізгі бағыттарда жұмыстар дұрыс жолға қойылып, жыл басында қабылданған бірқатар межелер орындалған. Қорытындылайтын болсақ, аяқталуға жақын 2019 жылы облыста 65 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындар тіркелген.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс көлемінде 4776 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 609 347 адам қамтылған.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында марапат алған барша спортшыларды еңбегінің еленуімен құттықтаймыз.