Құрылыстың жалпы алаңы 2277,12 шаршы метрді құрайды. Нысан екі қабаттан тұрады. Ғимараттың бірінші қабатында қолөнер шеберлерінің бұйымдары, туристерге арналған кеңес беру залы немесе анықтама орталығы (Call орталығы, туризм, авиа/тж билеттерін сату бойынша менеджерлер) орналасуда. Ал, екінші қабатта 7 шеберхана, жас қолөнершілерді оқыту сыныбы, «Тараз – Туризм» туристік ақпараттық орталығы орын тепкен.
Тараз қаласы – 2000 жылдан астам тарихы бар. Ұлы Жібек жолының бойында жатқан қала. Керуен жолдарының түйіскен жері, сауда — саттық орталығы болғандықтан, қолөнер жақсы дамыған. Осы орайда бұл галерея тарихы тереңде жатқан осынау өнер түрін заманауи тұрғыда дамыту және сол қолөнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсына отырып, облысымыздың туризм саласын өркендетуге де айтарлықтай өз үлесін қосады деп көзделуде.

