Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Полицейлер жолда көліктері қарға батқан жолаушыларға көмектесті
    Бас ақпарат

    Полицейлер жолда көліктері қарға батқан жолаушыларға көмектесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ағымдағы жылдың 18-21 желтоқсан күндері аралығында Түркістан облысы ПД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Қ.Дәлбековтың тапсырмасымен Түркістан облысы аумағында «Қару» жеделдетілген-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын. Осы орайда Бәйдібек АПБ-нің уақытша ұстау изоляторының бастығы, полиция капитаны Ғабит Құдайбергенов пен ЖПҚ УПИ полиция капитаны Думан Досбаевтар Бәйдібек ауданының таулы аймақтағы ауылдары мен елдімекендерінде заңсыз қарулардың сақталуы, пайдаланылуы бойынша рейдтік жұмыстар жүргізуге өткен аптаның жұма күні шыққан. Алайда ауа-райының қолайсыздығы салдарынан жұмыстарының бағыты өзгеріп, 3 күн қатарынан жол жабылып, өздері жаны қиналған жандарға көмек қолдарын созған.

    Нақтырақ айтсақ, қалың жауған қар салдарынан батып қалған көліктен жолаушыларды түсіріп, аман-есен үйлеріне жеткізеді. Өз кезегінде, Бәйдібек-Ата ауылының тұрғындары полицейлердің жанашырлығына тамсанып: «Ауылдан Шымкент қаласына қарай жолға шыққанбыз. Алайда көлігіміз қарға тығылып қалып, жол үстінде қиналып қалдық. Қайта дәл уақытында полицейлер келіп, бізді шығарып, құтқарды.

    Полицейлер болмаса, біз жолда, суықтан үсіп қалар едік. Тәртіп сақшыларына алғысымыз шексіз. Алла разы болсын!»-деп жүрекжарды сөздерін жеткізді. Осылайша, полицейлер Жарық бас ауылы мен Бәйдібек-Ата ауылын жалғап жатқан жол бойында жолаушыларға қолғабыс етіп, азаматтық жасады. Полицейлердің айтуынша, халыққа қандай жағдай болмасын бірінші кезекте көмек көрсету міндеттері. Олар үшін жұртшылықтың алғыс алып, қызметтерін мінсіз атқарудан артық биіктік жоқ. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға сақ болуды және жол жүру ережелерін бұзбауды ескертеді. Алыс-жақын сапарларға шығарда көлігіңізді қамдаңыз. Сондай-ақ, полицейлер жүргізушілерге ауа райы нашар, боран болған кезінде жолға шығудан бас тартуға кеңес береді.

    ТО ПД-нің баспаөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

    06.11.2026

    БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    06.11.2026

    ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

    05.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.