Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫ ӨТТІ
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жаңажылдық думанға облыстың әр түпкірінен келген 200-ден астам бала қатысты. Олардың барлығы да – оқу озаттары, шығармашылық пен спорт саласында жетістікке жеткен дарынды бүлдіршіндер, жетімдер үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан үздік оқушылар. Президент шыршасына жиналған балаларға концерттік бағдарлама даярланып, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құттықтау тілегін жеткізді.

     

     

    «Қымбатты балалар, бүгін өңіріміздегі өнегелі бүлдіршіндер Президент шыршасының айналасына жиналды. Жаңа жыл, ең алдымен, балаларға қуаныш сыйлайтын ғажайыпқа толы мереке. Сіздердің жан-жақты дамыған білімді, парасатты, тұлға ретінде қалыптасып, жетілулеріңіз үшін мемлекетіміз барлық мүмкіндіктер жасап келеді және жасай беретін болады. Сіздер осындай ерекше елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыздар. Баршаңызға мықты денсаулық тілеймін. Жаңа жыл тек жақсылық әкелсін!», – деді Өмірзақ Шөкеев. 

     

     

    Президент шыршасына қатысқан әр бала облыс басшысының қолынан ноутбук, қыстық киімдер мен тәтті сыйлықтар алып, Аяз атаның қоржынынан дәм татып, мәре-сәре болды. Сондай-ақ, облыс әкімі Өмірзақ Естайұлымен бірге облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев бастаған ел азаматтары шыршаны айнала ән айтып, көңіл көтерді. Жас өрендер өнерлерін ортаға салып, театрландырылған қойылымдар бүлдіршіндерге ертегі әлеміне енгендей әсер қалдырды. Жаңажылдық мейрамға келген балалар облыс әкімімен естелікке суретке түсті.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.