Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»АЛТАЙДАҒЫ ҚОС БІРДЕЙ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫНА ТАҒЗЫМ ЖАСАЛДЫ
    Жаңалықтар

    АЛТАЙДАҒЫ ҚОС БІРДЕЙ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫНА ТАҒЗЫМ ЖАСАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.08.2016234 Views

    Eleusov_Zhanbek_Akatovich27 шілде күні Оңтүстік Қазақстан облысынан  көршілес Моңғолияға қоғамдық делегация аттанды. Шілде айының басында табиғи апаттан зардап шеккен қандастарымызға рухани қолдау көрсетіп, азаматтық парызын орындау мақсатында ұзақ жолға шыққан топ мүшелерін сол күні облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов арнайы қабылдады. Көңілі жабырқаулы жандарға  жылылық пен мейірім сыйлап, жан жылуына бөлеу үшін сапар шеккелі тұрған азаматтарға өңір басшысы Оңтүстік халқының атынан алғыс айтып, ақжол тіледі. Облыстық мәслихаттың депутаты, ОҚО-тық қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы БАҚ жөніндегі кеңестің мүшесі Дулат Әбіш бастаған топ құрамында , «Бізбен бірге» қоғамдық қорының президенті Абай Аңдабаев және Бәйдібек ауданы мәслихатының 5 шақырылым депутаты, журналист- мұрағатшы Абзал Әділбек, Әл-Фараби ауданының имамы Әділбай Тойшиев пен түсірілім топ бар. Басындағы бары баспанасынан айырылып, демеу іздеген қандастарымызға қиын сәтте қол ұшын созып материалдық әрі рухани көмек беруді парыз санаған оңтүстікқазақстандық делегацияның қоржынында облыстағы аудандардан жиналған рухани дүниелер, кітаптар мен сурет картиналары сынды өнер бұйымдары мен Оңтүстіктен шыққан отандық өнімдер бар. Оларды жүрегі кең көңілі дархан Оңтүстік халқының атынан тарту етпек. Қаншама шақырымды артқа тастап, Монғолияға жол бастаған делегация шарапаты мен шапағаты мол шара аясында тарихи- танымдық бағдарламаларды да ел назарына ұсынбақ. 30-шілдеде 574-11  қазақ бауырларымыз шоғырланған Алтай Республикасындағы Усть-Кан ауданы, Тұрат ауылына ат басын бұрған түсірілім топ осы өңірде туылып, Ұлы Отан соғысына қатысқан, кеудесін оққа тосып Кеңес одағының батыры атанған бабаларымыз Қыдыран Туғамбаев пен Жанибек Елеусовтер туралы тың дүниелерге қанықты. Майдан даласында батырлығы мен қайсарлығы арқылы көзге түсіп, ерлік жасаған қазақтың қос азаматы Одақ мойындаған батыр еді. Міне, көрші елде туып өсседе қасық қаны қалғанша елі мен жері үшін күрескен Тұратының қос тарланы туып-өскен ауылында ескерткіш бой көтерген. Сонымен қатар ауылдың орта мектебі Туғанбаевтың  есімін иеленсе, қаһарман ер Елеуісовтің атымен аталатын Тұратыда көше бар.  Есімі ел есінен кетпеген  қос саңлақтың көзі кетсе де ұрпағы тұратын мекенге барып, біздің арна тілшілері түсірілім жасап, рухани байлыққа мол дүниелерді алдағы уақытта өңір халқының назарына ұсынатын болады.

    Бағлан Байкөбеккқызы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.