«Бөдене таланттар мен Қажымұқандар»
Бүгін Шымкент қаласында әлем ақыны атанған Мұхтар Шахановтың әдеби-сазды кеші өтті. Ән-жыр кешіне қала әкімі Ерлан Қуанышұлы қатысып, өз құттықтауын жолдады. Аталмыш шараның тақырыбы «Бөдене таланттар мен Қажымұқандар» деп аталды.
Шығармашылық кеште «Қазақ тілі», «Отырар кітапханасы», «Баба Түркістан», «Жұбайлар жыры», «Мен саған ғашық едім», «Туған күн кешінде» сынды ел құлағына сіңген, әуезді әндері шырқалды. Осылайша қайырымды қала тұрғындары есті әуен мен өлеңдерден рухани қуат алып қайтты.