Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Алтын Адам» — Оңтүстікте!
    Жаңалықтар

    «Алтын Адам» — Оңтүстікте!

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.08.2016744 Views

    Темір дәуірінен бері сақталып келген алтын адам — Оңтүстікте. Яғни, Есік өзенінің сол жақ жағалауынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі  осы уақытқа дейін Астана қаласындағы ұлттық мұражай қоржынында сақтаулы болған еді. Ал, енді  ел егемендігінің 25 жылдығы қарсаңында ұлттық құныдылығымызды дәріптеп, жастардың бойына рухани патриоттық сенім ұялату мақсатында  әр аймақтың халқына таныстыру жұмыстары жүргізілуде. Өңір халқы мен тұрғындары бұл күні таңғы сағат 10.00- ден түнгі 12- ге дейін Тәуелсіздігіміздің символы саналатын алтын адамды көру мүмкіндігіне ие болды. Есік қорғанынан 1970 жылдары сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылып,  тарихымыз  тағы бір жаңғырып, құныдылығымыз оралған еді. Алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесін архелог  К. Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, «Алтын адамның» Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енгені де алтын адамның біздің құнды байлығымыз, құнды жәдігеріміз  екенін аңғартады.  «Ұлттық музей сенің қалаңда» атты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген мәдени тур біздің өңірде бір тәулік болады. Мәдени саяхат осы уақытқа дейін Орал Ақтөбе, Атырау мен Ақтауды аралап келсе, енді зерделі тарихымыздан сыр шерететін құндылық біздің өңірде Оңтүстік тұрғындары құнды байлығымызды, рухани дүниемізді көруге мүмкіндік алды. Яғни бұл күні халықтың қарасы қалың болды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.