Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»«ТҮРКІСТАНДА ЖЕРЛЕНГЕН ХАНДАР МЕН СҰЛТАНДАР» ТУРАЛЫ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
    Айғақ TV

    «ТҮРКІСТАНДА ЖЕРЛЕНГЕН ХАНДАР МЕН СҰЛТАНДАР» ТУРАЛЫ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі
    «Түркістанда жерленген хандар мен сұлтандар» анықтамалық жинағын жарыққа шығарды.

    Тарихи кітаптың тұсаукесер рәсімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында және ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында ұйымдастырылған «Музей түні» шарасында өтті.

    Жиынға қатысқан ғалымдар мен тарихшылар тарихи міндеттерін абыроймен атқарып, есімін келешек ұрпаққа үлгі-өнеге етіп қалдырған, Түркістанға жерленген қазақтың хандары мен
    сұлтандарына арналған кітаптың жарыққа шығуымен құттықтады.

    Кітапта өз заманында елді билеп,
    өнегелі істерімен, ел қорғаған батырлығымен, әділетті билік айтқан шешендігімен дараланған Түркістанда жерленген қазақ хандары мен сұлтандарының өмір жолы, қоғамдық қызметі баяндалған. Сонымен қатар, тарихи тұлғалардың Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленуі туралы мәліметтер, құжаттар, деректер мен қорық-музей қорында сақталған хандар мен сұлтандарға қатысты құнды жәдігерлердің суреттері орналастырылған.

    Бүгінде тарихи деректер бойынша Түркістанда қазақтың 21 ханы мәңгілікке тыныстап жатқаны белгілі болса, олардың 14-і осы жерді Ордасы еткендігі анықталған.
    Айта кетсек, Қазақ хандарынан Түркістанды астана деп жариялаған Есім хан алғаш болып Түркістанға жерленген. Одан кейін қазақтың үш жүзіне билігі жүрген Жәңгір, Тәуке, Қайып, Болат, Әбілмәмбет және ұлы ханымыз Абылай сынды хандардың  мүрдесі де  қасиетті жерге қойылды. Олар туралы өз заманында тарихи жырлар мен шежірелі тарихтар жазылып, халық арасына кеңінен таралғаны баршамызға аян. Соның бірі қазақ билеушілері туралы жазылған Қадырғали Жалайыридың жазбалары өткеніміз жайындағы аса құнды тарихи дерек болып табылады. Сондай-ақ, қазақ хандары туралы ғылыми білімнің негізін ХІХ ғасырдың атақты ғалымдары А.И.Левшин мен В.В.Вельяминов-Зерновтың қалағанын ғалымдар жақсы біледі.  ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ хандары Ш.Ш. Уәлихановтың, А. Добромысловтың, В.В. Бартольдтың, А.А. Семеновтың, Ш. Құдайбердіұлының, Қ. Халидидың, М.Тынышбаевтың және басқалардың еңбектерінде қарастырылды.
    Кеңестік кезеңде хандардың қызметі үстем тап өкілдері ретінде терістелді. Осыған
    қарамастан шығыстық және орыс деректерімен жұмыс жүргізген бір топ қазақстандық және ресейлік ғалымдар Қазақ хандығы мен оның билеушілеріне қатысты жаңа мәліметтер тауып, тарих ғылымының бұл саласындағы ел білімін кеңейткендер қатарында В.П. Юдинді, О.Ф. Акимушкинді, Т.И. Сұлтановты, К.А. Пищулинаны, М.Қ. Әбусейітованы, А. Исинді ерекше атап өту керек.

    Басылымда қазақ хандарын тану мен танытуда еңбегі зор аталған тарихшылармен
    қатар, Қ. Салғараұлы, М. Мағауин, Ж. Артықбаев, Б. Кәрібаев, Е. Ерофеева, С.Жолдасбаев, М.Тұяқбаев, М. Қожа мен Х.Тұрсын сынды  отандық ғалымдардың тарихи зерттеулері пайдаланылған.

    «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.