Ақордада көрнекті қазақстандықтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Марапатталғандар арасында мемлекет басшасының кеңесшісі мен баспасөз хатшысы бар.
Ондаған қазақстандықтар мемлекеттік марапаттарға ие болды. Толық тізім Ақорданың ресми сайтында жарияланған. Олардың 39-ын Президенттің өзі жеке марапаттап, төсбелгілерді таққан. Мәселен марапатталғандардың арасында — Перзиденттің кеңесші Ерлан Қарин да бар. Оған ІІ дәрежелі Достық ордені берілген.
Ал мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли «Құрмет» орденімен марапатталды.
Еске сала кетейік, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталған.
Олардың арасында Димаш Құдайберген, Сара Назарбаева, Роза Рымбаева, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың қызы — София Тасмағамбетов және өзге де белгілі тұлғалар бар.