Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Өскеменде Оралхан Бөкей әдеби залы ашылды
    Әлеумет

    Өскеменде Оралхан Бөкей әдеби залы ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.12.2019936 Views

    Шығыс Қазақстан облысы жазушы Оралхан Бөкейдің туған аймағы. Сондықтан бұл өңірдің орталығы Өскемен қаласы талант иесін тағы бір асқақтатуды жөн санапты. Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада жазушының шығармашылығына тікелей қатысты әдеби зал ашылды. Заманның ағымына сай жасақталған бұл зал бұрын-соңды болмаған.

    Алтай шыңындай асқақ тұлға, жарық жұлдыз, шығыс шынары… Керемет теңеулерге лайықты жазушының әруағы бір аунап түскен болар. Өйткені салтанатты шараға шақыртылған қонақтар естеліктер айтып, Оралхан Бөкейді еске алды. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, Алматы қаласынан ат терлетіп барған Ғалия Бөкейқызы, Шыңғыстай ауылынан келген туысы Исаханов, ақын Қалқаман Сарин тағы басқа қайраткерлер қатысты. Тұңғыш рет ашылып отырған Оралхан Бөкей атындағы әдеби зал болашақ ұрпақтың әдебиетке деген махаббатын оятады.

    Қазақ көркем сөзінің хас шебері Әбіш Кекілбайұлы: «Оралхан өмірге шыр етіп түскенде, таланттың топырағы бұрқ етті» депті. Шарадағы көрмеге О.Бөкейдің қолжазбалары мен болгар, эстон, ағылшын, қырғыз, неміс, жапон, француз, сондай-ақ басқа да шетел тілдеріне аударылған кітаптары және суретшілер Б.Урманче мен Б.Исиннің туындылары қойылған.

    Жағымды жаңалықтың тағы бірі — «BOKEY.KZ» сайты іске қосылды. Онда жазушы туралы деректер топтастырылып, шығармалары салынады деп жоспарланған. Сондай-ақ Ресей жазушысы, аудармашы А.Ким жолдаған бейнеқұттықтау көпшілік назарына ұсынылып,  «Еске алыңдар, сол қалпымда мені…» атты кітап көрмесі, фотосуреттер таныстырылды.

     

    «Айғақ» ақпараты

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    АҚЫННЫҢ АЛҚАЛЫ КЕШІ

    26.11.2026

    ӨНЕРГЕ АРНАЛҒАН 40 ЖЫЛ

    26.11.2026

    КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕР — ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.