Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»«Оңтүстік Қазақстан» газетінің 95 жылдық торқалы тойы өтті
    Айғақ TV

    «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 95 жылдық торқалы тойы өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ұлт руханиятына, қазақ журналистикасына үлкен үлес қосып келе жатқан «Оңтүстік Қазақстан» газетіне биыл — 95 жыл. Осыған орай, Түркістан төрінде салтанатты шара өтті. Мерейтойда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакция ұжымына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты, ҚР Парламенті Сенатының бірнеше депутаттарының, ҚР Ақпарат министрі Дәурен Абаевтың, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің құттықтау жеделхаттары тапсырылды.

    Жиындағы алғашқы құттықтау сөз облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановқа берілді.
    —Бұл мерейтой редакция ұжымының ғана емес, тұтас Түркістан облысы халқының ортақ мерекесі. Өйткені, «Оңтүстік Қазақстан» – қарашаңырақ басылым. Оның тарихы ұлт қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұлов негізін қалаған «Ақ жол» газетінен бастау алады. Бұл газетте Ә.Бекейханов, Х.Досмұаммедов, М.Дулатов, Н.Төреқұлов, М.Жұмабаев, М.Әуезов секілді ұлт жанашырларының қаламының ізі қалған. Сондай-ақ, О.Жандосов, О.Исаев, Б.Кенжебаев сынды көрнекті тұлғалар редакторлық қызмет атқарған. «Оңтүстік Қазақстан» – өзіндік мектебі қалыптасқан іргелі басылым. Ол — ұлт журналистикасының шеберханасы. Қазақ журналистикасындағы жүйріктер мен ақиық ақындар, көрнекті жазушылар осында қызмет етіп, түлеп ұшты, – деген Сәкен Амангелдіұлы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің құттықтау хатын оқып берді.


    Мұнан кейін Түркістан облыстық мәслихатының атынан депутат Саттар Қуашбаев, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Үрзада Айтөреева, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Қазақстанның Құрметті журналисі Байдулла Қонысбек, ҚР Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай құттықтау сөз сөйледі.


    Айтулы мерекеде газеттің ардагері Сәділ Кадеевке Қазақстанның Құрметті журналисі атағы берілді. Сонымен қатар редакция қызметкерлері мен ардагерлері және тұрақты авторлар мен белсенді оқырмандар облыс әкімінің Алғыс хатымен, облыстық мәслихаттың Грамотасымен, басқа да мемлекеттік органдардың, партиялар мен қоғамдық ұйымдардың Алғыс хаттарымен марапатталды.


    Жиында Қазақстанның халық әртісі Қажыбек Бекбосынов, белгілі әншілер Мақсат Айтжанов, Құралай Сәтмұхаметова, Майгүл Тұрыскелдиева және басқа да өнерпаздар әннен шашу шашып, өнерін ортаға салды. Салтанатты шара 9 жастағы талантты әнші Сағын Өмірбайдың орындауындағы «Мен қазақпын» әнімен қорытындыланды.
    Газеттің мерейін асырған салтанатты шарадан кейін өзге облыстардан арнайы келген БАҚ өкілдері өзара пікір алмасқан «Өңірлік БАҚ: проблемалары мен перспективалары» тақырыбында форум өтті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.