Мерекелік іс-шара облыс прокуроры Н.Абдировпен БАҚ өкілдерімен кездесуден басталды, деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі. Кездесудің мақсаты ағымдағы жылда атқарылған жұмыстардың қорытындысымен бөлісу. Сондай- ақ, іс-шарада облыс прокуроры жыл көлемінде прокуратура органдарымен тығыз байланыста болған БАҚ өкілдерін , «ең үздік жарияланымдар» «теледидар жаңалықтарында, облыс прокуратурасы жайлы «Ең үздік сюжет» номинацияларының жүлдегерлерін құттықтап, марапат пен сый-сыяпаттар табыстады.
Айта кетейік, 6 желтоқсан Қазақстан Республикасы Прокуратура органдарының құрылған күні.