Шымкентте газдан уланудың алдын-алу жұмыстары жүріп жатыр. Түсіндірме жұмыстары Еңбекші ауданына қарасты мөлтекаудандарда жүзеге асуда, деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі.




Төтенше жағдайлар департаменті мен Еңбекші аудандық әкімдігінің қызметкерлері тұрғындармен кездесіп, сақтық шараларын жүргізді. Себебі, бұған дейін аталған аудан тұрғындары арасында улы газдан жапа шегіп, ауруханаға жеткізілгендер кездескен. Жауапты орындардың айтуынша адам денсаулығына улы газ өте қауіпті болып келеді. Сондықтан да, қала бойынша мұндай алдын-алу жұмыстары көптеп ұйымдастырылуда.



