Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік жиналысының құрметті төрағасы атанды
    Айғақ TV

    Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік жиналысының құрметті төрағасы атанды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.11.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шағын құрамдағы кездесу қорытындысы бойынша төрт елдің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік жиналысының құрметті төрағасы мәртебесін беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.

    Шағын құрамдағы кездесуден кейін делегация басшылары кеңейтілген форматта кездесу өткізді.

    Консультативтік кездесуде сөйлеген сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті жоғары деңгейдегі шараға қатысуға шақырғаны үшін Шавкат Мирзиёевке ризашылығын білдірді.

    Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы Қазақстанның астанасында бастау алған диалог Орталық Азия тарихының жаңа парағын ашқанын атап өтті.

    – Ол ынтымақтастығымызды түбегейлі жақсартты. Диалог біздің елдеріміз үшін достығымыздың ғасырлар бойы өмір сүретіндігін аңдатты. Барлық деңгейдегі байланыстарды күшейту басталды, – деді Елбасы.

    Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың даму тарихы туралы айтты.

    Кездесуге қатысушы мемлекеттердің әлеуетін біріктіре отырып, барлық елдердің әл-ауқатын арттыру мақсатымен Қазақстанның Тұңғыш Президенті «ХХІ ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатындағы тату көршілік және ынтымақтастық туралы келісім» жасасуды ұсынды.

    – Бұл саяси құжат біздің өзара іс-қимылымыздың негізгі принциптері мен мақсаттарын көрсетуі керек. Келісімге елдеріміздің егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын өзара құрметтеу туралы ережелер енеді, –  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Сонымен қатар, Елбасы өңірдегі қауіпсіздікті нығайту үшін келесі жылы Орталық Азия елдерінің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуін өткізуді ұсынды.

    Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қатысушы елдердің үкіметтерін демографиялық дамудың жоғары қарқынына байланысты туындаған проблемаларға назар аударуға шақырды.

    – Тауарлардың, қызметтердің және капиталдың қозғалысына тосқауыл болатын кедергілерді алып тастау арқылы «кедергісіз Орталық Азияны» қалыптастыру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Сондай-ақ, Елбасы барлық мемлекет басшыларына 15 наурызда жаңа мереке – Орталық Азия күнін атап өтуге шақырды.

    Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды. Осы бағытта Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарында әр елдің студенттеріне 10 гранттан бөлуді ұсынды.

    – Түркі әлемінің бесігі – Түркістан қаласы қазір қайта өркендеуді бастан кешіруде. Десе де, ол өзінің мәдени, тарихи және рухани өзегін сақтайтыны сөзсіз. Өз кезегінде қала баршамыздың ортақ  мақтанышымызға айналатын керемет мегаполике айналмақ. Осыған орай, Орталық Азияның бауырлас мемлекеттерінің басшыларын келесі күзде осы көне қалаға шақырамын, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

    Сөз соңында Елбасы Орталық Азия елдерінің мұралары аясын кеңейту және тереңдету қажеттігіне тоқталды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.