Түркістан қаласында олимпиадалық резервін даярлау орталығының жаңа ғимараты ашылды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев әкімшілік-іскерлік орталығында бой түзеген спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына жұмыс сапырымен келген кезде мемлекеттік органдар мен ұлттық компания басшылары Түркістан облысын көркейту мақсатында әрбір ғимаратты салуға көмектесулері қажет екендігін айтқан болатын. Осы ретте, Солтүстік Қазақстан облысы заманауи үлгідегі спорт кешенін салып, ел игілігіне тапсырды.
Жалпы аумағы 3,75 гектар жерді алып жатқан халықаралық талаптарға сай бой түзеген бұл спорт кешенінде бір мезетте 220-ға жуық спортшы жаттыға алады. Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев мұндай кешендердің көптеп ашылуы Токио олимпиадасында спортшыларымыздың жақсы нәтижелерге жетелейді дейді. Ал, алдағы кезде облысымыздың кәсіби спортшыларының жеңіске деген құлшыныстарын арттыруға жол ашатын олимпиада резервін даярлау орталығының директоры Нұрлан Айтбеков жерлестеріміздің игілігіне берген бұл кешен әлі талай жеңістерге бастайтынын айтып өтті.

Жалпы орталықта 148 спортшы кәсіби тұрғыда шұғылданады. Оның ішінде 5 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22 спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері, 121 спортшы спорт шеберлігіне үміткер. Кешеннің ашылуына орай волейболдан облыс чемпионаты ұйымдастырылды. Шаршы алаңда Түркістан облысының «Жауқазындар» командасы мен Шардара ауданының «Шардара шағалалары» волейбол командалары кездесіп, 2:1 ұпаймен шардаралықтар жеңіске жетті.
«Айғақ» ақпарат