Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»КЕНТАУ: АЩЫСАЙДЫ ДАМЫТУ ЖОБАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
    Бас ақпарат

    КЕНТАУ: АЩЫСАЙДЫ ДАМЫТУ ЖОБАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.11.2019324 Views

    ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы жұмыс сапарымен Академияның Түркiстан облыстық филиалына арнайы келiп, басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілердiң өңірлік жобаларымен танысты.
    Олардың қатарында «Жер жәннаты — Ащысай» жобасы бар. Бұл — Кентау қаласына жақын Ащысай елді мекенінде туризм орындарын дамыту арқылы өңірді жандандыру. Ащысайдың әсем табиғатын көрсетiп келушілер санын арттыруға бағытталған.


    Ал «Спорттық ауыл — Ащысай» жобасы — Ащысай тұрғындары арасында бұқаралық спортты жетiлдiру, спорттық іс-шаралар арқылы ауыл-аймақтарда салауатты өмір салтын дамытуға серпін беру. Сондай-ақ, «Зейнет жас – сапалы ғұмыр» жобасы таныстырылды. Онда зейнеткерлерді спорттық-мәдени іс-шараларға баулу, қарттардың өмірге қызығушылығын арттырып, өмір жасын ұзарту жайы қаралған. Сонымен қатар, «Рухтың дамуы – ел дамуы» жобасы аясында Ащысай жастарына рухани білім берiп, бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсаты көзделген.


    Жобаларды тыңдауға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Исақов қатысып, комиссияға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Б.Алимбетов, Түркістан облысы Туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы П.Қонысбаева және Түркістан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Д.Исабаев қатысты.
    Жобалар ректор мен комиссия тарапынан жоғары бағаланып, Кентау қаласы әкімдігі Ащысайды туризм орнына айналдыру идеясын қолдап, аталған жобалар аясында елдi мекендi дамыту жүргізілмек.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.