Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов адам органдарын заңсыз ауыстырды деген айыппен ұсталған шымкенттік дәрігердің ісіне қатысты пікір білдірді. Қазіргі уақытта дәрігер уақытша ұстау изоляторында. «Заң бойынша қылмыстық істің мән-жайын ашып айта алмаймын. Бірақ адам органдарын заңсыз сату дерегі бойынша қажетті бұлтартпау шарасы қабылданғанын айта аламын. Бұлтарпау шарасы ретінде оны қамауға алдық», — деді ішкі істер министрінің орынбасары. Адам органдарын заңсыз ауыстырды деген айыппен ұсталған шымкенттік дәрігер жайлы не белгілі? Сондай-ақ, министрлік өкілі қылмыстық іс аясында бас дәрігерді ота жасауға жіберуі мүмкін екенін айтып өтті. 18 қарашада ІІМ Тергеу департаментінің қызметкерлері № 1 қалалық клиниканың бас дәрігерін ұстаған болатын. Тергеу барысында Донбайдың адам органдарын сатып алу-сатуға заңнамалық тыйым салғанына қарамастан, ірі ақшалай сыйақы үшін бүйректі алу және ауыстырып салу бойынша заңсыз операциялар жүргізгені анықталды. Kaz.tengrinews.kz