Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістанда «Жасыл белдеуді» қалыптастыру қарқынды жүріп жатыр
    Айғақ TV

    Түркістанда «Жасыл белдеуді» қалыптастыру қарқынды жүріп жатыр

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.11.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан қаласының экологиялық ахуалын тұрақтандыру және қолайлы климат қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен апта сайын сенбілік өтетіні белгілі.
    Осы орайда облыс орталығы 32 секторға бөлініп, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүруде, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Кезекті сенбілік өткізуге облыстық Қоғамдық даму басқармасы, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы мен үкіметтік емес ұйымдар және ерікті жастар бастама көтерген болатын. Шараны қолдап, көне шаһарды жасыл желекке орауды мақсат тұтқан облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев, облыстық қоғамдық даму басқармасы, 16 аудан, қаладан 22 үкіметтік емес ұйым, ерікті жастар, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы мен «Жас Отан» жастар қанаты, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, облыстық этномәдени бірлестіктер өз үлестерін қосты. Сенбілікке қатысушылар Қарашық өзені аумағында арнайы көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан 5 учаскеде тал егіп, суару жұмыстарына атсалысты.


    Көгалдандыру жобасына сәйкес, биыл 180 мың түп көшет егу жоспарланып, бүгінгі күнге 130 мың данасы егілді. Облыс орталығын көркейту жұмыстары ары қарай да жалғасын таппақ.
    Жоспарға сәйкес, 2020 жылы қала ішіне 250 мың түп түрлі көшеттер егіледі.
    Қала сыртынан құрылатын Жасыл белдеуге 2019 — 2022 жылдары 7700 га аумаққа 3,5 млн түп, оның ішінде 2019 жылы 2300 гектарға 628 мың дана, 2020 жылы 2400 гектарға 1 млн дана, 2021-2022 жылдары 3000 гектарға 1,9 млн дана түп әртүрлі көшет егу жоспарланып, бұл игі іс облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жүктелген.
    Жасыл белдеу құрылатын аумақтың 572 гектарына көктемде 160 мың көшет егілді. Қалған 1428 га аумаққа қазіргі күнде 468 мың түп әртүрлі көшет (қарағай, қарағаш, айлант, калифорния терегі, жиде, өрік, алма, алша, клен, т.б ) егу жұмыстары басталды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.