Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Арыстық 100 отбасы баспаналы болды
    Айғақ MEDIA

    Арыстық 100 отбасы баспаналы болды

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.11.2019492 Views

    Болат Өтемұратовтың Қайырымдылық Қоры «Баламекен» жобасының шеңберінде Арыстағы 100 отбасына арналған үйлердің құрылысын аяқтады. Болат Өтемұратов жобаны іске асыруға шамамен 850 млн теңге (2,2 млн доллар) бөлді. Бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың, Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетовтың және «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспановтың қатысуымен жаңа иелерге кілттер тапсыру салтанаты өтті, деп хабарлайды Болат Өтемұратов қорының баспасөз қызметі

    «Баламекен» атауына ие болатын жаңа ықшамауданда таза әрлемесі, асүй гарнитуры, тұрмыстық техникасы, жанында 10 сотка учаскесі бар, толық абаттандырылған екі отбасына арналған «дуплекс» типті 50 үй тұрғызылды. Пәтерлер дереу қоныстану үшін дайын, ықшамаудан қалалық инфрақұрылымға қосылған, ішінде асфальтті автомобиль жолдары мен жаяу жүргінші тротуарлары тартылған, балалардың ойын алаңшасы орнатылған, учаскелерде және тротуарлардың бойында ағаш отырғызылған.

    created by dji camera

    Жаңа баспана алушылар үстіміздегі жылдың шілде айында оқ-дәрі жарылысының салдарынан үйлері бұзылған арыстықтардың отбасылары, көп балалы мұқтаж отбасылар, толық емес отбасылар, жетімдер мен мүгедектігі бар адамдар болды.

    Жоба Болат Өтемұратов Қорымен серіктестікте «Верный Капитал» компаниялар тобы, Түркістан облысының әкімдігі және «Түркістан» ӘКК-мен табысты ынтымақтастығының нәтижесі болды.

    «Арыс тұрғындарының атынан Болат Өтемұратов Қорына және оның құрылтайшысына оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан кейін Арысты қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін шынайы алғыс білдіремін», — деді Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов кілт тапсыру салтанаты барысында.

    Ықшамауданның жаңа қоныстанушыларының бірі Жаңагүл Пашаева тұрғындардың ортақ пікірін білдірді: «Бұл жақсы аудан, тура қасымызда – қалалық дендропарк. Жоба бізге ұнайды, үйлер ұнайды, Болат Өтемұратов Қорына және Түркістан облысы мен Арыс қаласының әкімдіктеріне шын жүректен алғыс айтамыз!»

    «Бүкіл Қазақстан Арыста орын алған оқиғаға күйзелді, еліміздің көптеген ұйымдары мен азаматтары қалаға және оның тұрғындарына қолдау көрсетті. Біз де қаланы қалпына келтіруге өз үлесімізді қосуды ұйғардық. Сондықтан біздің Қорымыздың құрылтайшысы баспанаға мұқтаж қазақстандықтар үшін үйлер тұрғызуға бағытталған «Баламекен» жобасын кеңейтуге және жалғастыруға шешім қабылдады. Жоба ағымдағы жылдың көктемінде Қызылордада басталған болатын, онда Қор бөлген ақшаға 100 тұрмысы осал отбасы үшін үйлер тұрғызылды. Өзіміз Қызылордада ие болған тәжірибені біз Арыста табысты қолданып, мемлекеттің және меценаттардың бірлесіп күш салуы әлеуметтік салада айтарлықтай позитивті әсер беретінін кезекті рет дәлелдедік», — деп атап өтті Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

    created by dji camera

    «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов былай деді: «Біздің топ Болат Өтемұратов Қорымен ынтымақтастық етеді және құрылыспен байланысты әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда көмектеседі. Біз жобаның жылдам және сапалы орындалуға тиіс екенін түсіндік, сондықтан біздің мердігерлер қала және облыс әкімдіктерімен тығыз ынтымақтастықта тәулік бойы жұмыс істеді. Және біз оны мерзімінде аяқтаудың сәті түскеніне және Арыс тұрғындары суық түскенге дейін жарық әрі жылы үйлерге қоныстанатынына қуаныштымыз».

    Болат Өтемұратов Қорының «Баламекен» жобасы 2019 жылдың наурыз айында Қызылордада басталған болатын, онда Қордың қаражатына 100 тұрмысы осал отбасы үшін үйлер тұрғызылды. Жоба ағымдағы жылдың шілде айында Арыс қаласында оқ-дәрі жарылысынан кейін осы қалада жалғастырылды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.