Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»«Nur Otan» Партиясының кадрлық резервіне іріктеу өтіп жатыр
    Айғақ TV

    «Nur Otan» Партиясының кадрлық резервіне іріктеу өтіп жатыр

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.11.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысы, Түлкібас ауданында «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне іріктеу өтіп жатқаны белгілі. Бұл пилоттық жобаның мақсаты — тұрғындар арасынан партия қызметін жандандыруға қабілетті белсенді, отаншыл, көшбасшы азаматтарды іріктеу және оларды саяси-қоғамдық, елдік жұмыстарға тарту.


    Бірінші рет өткеніне қарамастан бұл жобаға қызығушылық өте жоғары болды. Жалпы партияның кадрлық іріктеу жұмыстарының нәтижесі бойынша аудан тұрғындары арасынан 100 үміткер тіркелді. Оның ішінде 60 ер, 40 әйел үміткер құжат тапсырған. Жас ерекшеліктеріне келсек, 35 жасқа дейін 21 адам, 35-50 жас аралығында 38 адам, 50 жастан жоғары 41 адам бақ сынауды жөн көріпті. Сондай-ақ үміткерлер арасында 7 көпбалалы ана да өзін ұсынған. Бұл — республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. 28 қазан мен 4 қараша аралығында 23 бастауыш партия ұйымында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, партиялық кадрлық резервіне қатысатын үміткерлер анықталған. Ал 7 қарашадан бастап үміткерлер арасында саяси дебат өтіп жатыр.

    Партияның Түркістан облыстық және Түлкібас аудандық филиалдары тарапынан дайындық жұмыстары талапқа сай атқарылғанын да айта кеткен жөн.
    Үміткерлермен кездесуге және пікірсайыстардың бірқатарына «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев және партияның өзге де қызметкерлері, ұйымдастыру комитетінің мүшелері қатысып, үміткерлердің аяқалысын байқады. Қуанарлығы, үміткерлер бұл жобаның мақсаты мен тиімділігін жақсы түсінген. Әрқайсысы өңірді дамыту жөніндегі өз бағдарламаларын ұсынып, алдағы жұмыс жоспарларын жоғары деңгейде таныстыра білді. Алғашқы дебат Жабағылы сайлау округінде өтсе, одан кейін Ақбиік, Ломоносов, Пушкин, Түлкібас, Күмісбастау, Рысқұлов, Мичурин, Тастұмсық және өзге де сайлау округтерінде үміткерлердің ашық пікірсайыстары өткізілді. Пікірсайыс барысында қатысушылар бір-біріне өткір сұрақтар қойып, болашақ саясаткерге тән мінез көрсете алды. Нағыз көшбасшылар, партия қайраткерлері мен мемлекеттік қызметкерлер осындай сындардан өткен азаматтардың арасынан шығатыны анық.

    Ашық пікірсайыстар әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
    Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаев биыл 21 тамызда «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» партияны жаңғырту бағдарламасын ұсынған болатын. Сол бағдарламадағы тапсырмаға сәйкес Түлкібаста қолға алынған жоба 16 қарашада аяқталады. Сол күні аудандағы 15 арнайы орында үміткерлерге дауыс беріледі. Аудандағы «Nur Otan» партиясының 6 мың мүшесі үміткерлер арасынан ең үздіктерін таңдайды.
    «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.