

Облыс аумағындағы экологиялық өзекті мәселелерінің бірі жер қойнауын заңсыз пайдалану болып отыр. Аудандық, қалалық полиция бөлімінің жеке және заңды тұлғаларға қатысты хаттары негізінде облыс аумағында заңсыз жер қойнауын (өзен жағалауынан) пайдаланушыларға ҚР ӘҚБтК-і талаптарына сәйкес, 2 146 250 теңге айыппұл салынды және 57 қоршаған ортаға келтірілген залал мөлшері есептелініп, 30 483 207 теңгеге нұсқама жолданған.