Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: Экология департаменті 9 айды қорытындылады
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: Экология департаменті 9 айды қорытындылады

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.10.2019936 Views

    Түркістан облысы бойынша ағымдағы жылдың 9 айында экология департаментіне жеке және заңды тұлғалардан 81 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 60 – жеке тұлғалардан, 21 — заңды тұлғалардан. Қазіргі таңда 7 өтініш қарауда. Жалпы 74 өтінішке жауап жолданған. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экология департаментінің басшысы Имангелді Түймебаев мәлімдеді.


    Оның айтуынша, Түркістан облысы бойынша экология департаментінің Экологиялық реттеу бөліміне «Е-лицензиялау» порталы арқылы 2019 жылдың 9 айында мемлекеттік экологиялық сараптамаға 121 құжат келіп түскен. Оның ішінде, 104 құжат қаралып, 67 құжат келісілген, 22 құжат кері қайтарылып, 15 құжат алдын ала сараптамаға жіберілген, ал 15 құжат кері қайтарылып алынған, жобалық материалдардың қарауда қалған — 2 құжат.


    «2019 жылдың 9 айында ластаушы заттар шығарындылары және төгінділерінің көлемі 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан облысына және Шымкент қаласына бөлінуіне байланысты азайып отыр. ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын сақталуын қадағалау мақсатында 2019 жылдың 9 айында жалпы 100 тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде: жоспардан тыс – 74 тексеру (бұл арыз-шағымдар бойынша); бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалауды жүргізу тізіміне сәйкес – 26 тексеру жүргізілді», — деді Имангелді Қансейітұлы.

    Облыс аумағындағы экологиялық өзекті мәселелерінің бірі жер қойнауын заңсыз пайдалану болып отыр. Аудандық, қалалық полиция бөлімінің жеке және заңды тұлғаларға қатысты хаттары негізінде облыс аумағында заңсыз жер қойнауын (өзен жағалауынан) пайдаланушыларға ҚР ӘҚБтК-і талаптарына сәйкес, 2 146 250 теңге айыппұл салынды және 57 қоршаған ортаға келтірілген залал мөлшері есептелініп, 30 483 207 теңгеге нұсқама жолданған.

    Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.