Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және АЕСОМ компаниясының аймақтағы директоры Марина Костанян ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Тараптар қалада жүзеге асырылып жатқан «Шымкент-Сити» ауқымды жобасына ірі құрылыс компаниясының қатысуы туралы келісті.
АЕСОМ — сәулет және құрылыс саласындағы, сонымен қатар қалаларды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға маманданған халықаралық компания. Қазіргі таңда компания АҚШ-тың ірі корпорацияларының Fortune-500 рейтингінде 156 орынға ие.
АЕСОМ жүзеге асырған ірі жобалардың қатарында Дүниежүзілік сауда орталығы, Әбу-Дабидің, Гонконгтың, Лос-Анджелестік әуежайларды, Мәскеудегі «Москва Ситиді», Астанадағы «Абу-Даби Плаза» комплексін атап өтуге болады.
Айта кетейік, Қазақстан — АЕСОМ компаниясының жұмыс істеп отырған мемлекеттерінің ішіндегі алғашқы дамушы ел болып табылады.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...