Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Түлкібаста қуаттылығы 4,2 мВт болатын су электр стансасы салынбақ
    Жаңалықтар

    Түлкібаста қуаттылығы 4,2 мВт болатын су электр стансасы салынбақ

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.07.2016153 Views

    Оңтүстік Қазақстан облысында гидроэнергетика саласын дамытуға және энергия тапшылығын төмендетуге бағытталған жаңартылатын және баламалы энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ, ОҚО өзендерінің гидроэнергетикалық әлеуетін анықтау мақсатында гидроэнергетикалық өнеркәсіп сарапшыларының қатысуымен маркетингтік зерттеулер жүргізілді.
    Нәтижесінде, облыстағы 20 өзенде 43 әлеуетті нүктеден жалпы сыйымдылығы 119,84 мВт құрайтын энергия көзі анықталды. Зерттеулер қорытындысы бойынша шағын гидроэлектростанция құрылысы үшін ең қолайлы өзендер және локациялар іріктеліп, жобаны жүзеге асыру мақсатында инвестиция тарту бойынша іс-шаралар жүргізілді.
    Осы жұмыстардың арқасында «Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ мен Түркиялық «Endustriel Elektrik Elektronik San. Ve Tic. Ltd» компаниясы арасында инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандумға сәйкес, Түлкібас ауданындағы Машат өзені бойында жалпы қуаттылығы 4,2 мВт құрайтын шағын гидроэлектростанция құрылысын жүзеге асыру келісіміне қол жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша жобаның құны $ 6,3 млн. АҚШ долларын құрайды.
    Қазіргі уақытта, Түлкібас ауданы айына 15 мВт электр энергиясын тұтынады. Жоба іске қосылған соң, жаңа электр станциясы аудан қажеттілігінің үштен бірін қамтитын болады.
    Сонымен қатар, «Баламалы энергия көздерін пайдалануды қолдау және есеп айырысу бойынша қаржылық орталығы» ЖШС-і жобаның құрылысы аяқталғаннан кейін электр энергиясын ұзақ мерзімге сатып алуды қамтамасыз етуге келісім берді.
    Аталған жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда, инвестор басқа да қолайлы локацияларда гидроэлектростанциялар құрылысын жүргізу үшін түркиялық «Эксим Банктен» қосымша инвестиция тартуды жоспарлап отыр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.