Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан облысында көмір қоры жеткілікті
    Айғақ TV

    Түркістан облысында көмір қоры жеткілікті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.09.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысының күзгі-қысқы маусымдағы көмір отынына жалпы қажеттілігі 1 млн. 181,8 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда тасымалданғаны 514,4 мың тонна (43,5%). Жеткізу жұмыстары алдағы уақытта толық аяқталады. Жалпы жылыту маусымында облыста көмір тапшылығы болмайды. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Игілік Тұрғымбеков мәлімдеді.
    Сонымен қатар, жалпы облыста жылу беру мерзімі – 1 қарашаға белгіленіп отыр. Алайда мамандар уақытынан бұрын ауа райы суып кетсе, жылыту маусымы ертерек басталатынын жеткізді.
    «Өңірдегі 2748 бюджеттік мекеме жылыту маусымына толық дайындалып, оларға қажетті 171,1 мың тонна көмір отыны және 5 млн. 143,7 мың. литр сұйық отын (диз.топливо) толық тасымалданды. Облыстағы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін мекемелерге көмірдің қажеттілігі 108,8 мың тонна болса, тасымалданғаны 43,2 мың тонна. Облыстағы тұрғындардың көмірге қажеттілігі — 902 мың тонна, тасымалданғаны 301,2 мың тонна (33,4%). Тасымалдау жалғасуда. Теміржол станциясы қоймаларындағы (ж.д. тупик) 1 тонна көмірдің сатылу бағасы — «Шұбаркөл» көмірі 14-17 мың теңге арасында. Тұрғындар көмірді қазірден бастап станция қоймаларынан арзан бағада сатып алғандары дұрыс», — деді Игілік Ғабитұлы.
    Бұдан өзге, облыстың мазут отыны бойынша қажеттілік көлемі — 9,6 мың тонна. Бүгінгі күнге тасымалдаушы мекемемен келісім-шарт жасалған. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап тасымалданбақ.
    Айта кетерлігі, өңірдің жылыту маусымына дайындығына апта сайын және тұрғындарды көмір отынымен қамтамасыз ету бойынша күн сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.

    Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.